Отырар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Ө.Жәнібеков атындағы лицей интернатында «Заманауи кітапхана: мазмұн мен форматқа жаңаша көзқарас» атты аудандық мектеп кітапханашылары арасында семинар өткізілді. Кітапханашыларға арналған семинар кітапханашылардың жұмысын одан әрі жақсартып, дамытып, ақпараттық-байланыс технологияларды жетілдіру үшін арнайы ұйымдастырылды.
Семинарды білім бөлімінің әдіскері Манат Жақсыбаева жүргізді.

Семинарға қатысқан 30 кітапханашыны кәсіби, төл мерекелерімен құттықтап, білім бөлімі басшысының мадақтау қағаздарымен марапаттады. Әр мектептен жиналған кітапханашылар сандық технология дамыған уақытта кітапхана жұмысын қалай ұйымдастыру керек, интернетті — балаға кітап оқыту мақсатында қалай тиімді пайдалануға болады,- деген сауалдар мен баланы кітап оқуға қызықтырып, үгіттейтін жобалар туралы сабақтар өтті.

Қазіргі таңда балаларға кітап оқыту өзекті мәселеге айналды. Сондықтан, баланың кітапқа деген қызығушылығын оятудың түрлі жолдарын қарастырып, оны дұрыс қолдана білуіміз қажет. Бүгінгі өткізілген семинардың басты мақсаты да сол, кітапханашылардың біліктігін жетілдіру. Заманауи оқырман талабына сай сапалы қызмет көрсету және ақпараттық медианы дамыту болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *