Асанбай Асқаров. Елім деп егесіп, ақылдың күшімен, елеулі ісімен оңтүстік тұрғындарының есінде қалған тұлға.  Мемлекет және қоғам қайраткері Алматы, Жамбыл облысымен қоса шырайлы қаланы көркейтуге өлшеусіз үлес қосқан. Қара басынан бұрын, елінің қамын жоғары қойған арда азаматты Шымкент жұртшылығы еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Асанбай Асқаров есімі ел құлағында ерекше жатталған, тындырымды тірліктері көңілде сақталған азамат. Оның бүгінге қалдырған мұрасын сақтап,  тарихи тұлғасынан үлгі-өнеге алу кімге болсын мәртебе. Халқының перзентін бүгін Шымкент қаласы еске алып, Асқаров көшесінің бойындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады.

Қаланың көркеюі мен дамуына дамылсыз еңбек етіп, жеті жылда жүйелі жұмыс атқарып үлгерген қайраткердің адами қасиеті, іскерлігі жайында ел ағалары да ойын ортаға салды.

Тұлғаға тағзым жасап, еске алу салтанатына Асқаровтың қызы, Жаннет Асанбайқызы арнайы қатысып, ерін сыйлап, құрмет көрсеткен елге алғысын білдірді.

Ел жадында елеулі істерімен қалған қайраткерге арналған іс-шара тек атаулы күн үшін емес, Мемлекет және қоғам қайраткерінің елге сіңірген еңбегін дәріптеп, есімін тарих бетінде мәңгі қалдырып, жас ұрпақ санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *