Мақтаралдық бағбандар қарбыздың алғашқы өнімін Якутияға жөнелтті Биыл Мақтарал ауданында бақша өнімдері былтырғыдан 10-15 күн бұрын ерте пісіп, диқандар алғашқы қауын-қарбыз өнімдерін көршілес Ресей мемлекетіне жөнелте бастады. Қарбыздан алғаш боп өнім алғандардың қатарында «Әбіш-ата» шаруа қожалығы да бар. Бір күнде 20 тонна өнімін саудалаған аталған қожалық биыл 3 гектар жерге қарбыз егіп, гектарына 30 тоннадан өнім алуды жоспарлап отыр. «Жалпы біздің қожалықтың иелігінде 8 гектар 16 соттық суармалы жер бар. Биыл соның 3 гектарына қарбыз ектік. Алғашқы өнім көлемі жаман болған жоқ. Қырғыстандық кәсіпкер келіп, 20 тоннаны келісіне 140 теңгеден төлеп, Якутияға әкетемін деп отыр», — дейді қожалық төрағасы Бөрехан Әбішев. Биыл Мақтарал ауданында 19 500 гектарға қауын, 8 мың 65 гектарға қарбыз егілген. Оның ішінде ерте егілген қауын көлемі 7800 гектарды, ал қарбыз 5400 гектарды құрайды. Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев «Әбіш-ата» шаруа қожалығында болып, алғашқы өнімнің артылуына куәгер болды. «Мақтарал ауданының негізгі күнкөрісі егіншілік. Сондықтан мақтаралдық диқандар көктемнің әрбір күнін тиімді пайдалануды ойлайды. Екі қабатты пленкаға ерте пісетін қауын-қарбыз, баклажан, балгарский егеді. Бүгін міне, қарбызымыздың алғашқы өнімін сонау Якутия еліне жөнелткелі отырмыз.
Медиаон ақпарат