Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан аудан аумағында орналасқан тұрғын үйлерге аудандық Тұрғын үй инспекциясының меңгерушісімен, жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен, аудандық КазТрансГаз Аймак АҚ қызметкерлерімен және еріктілермен бірге тұрғындарға жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Бөлім инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.Жұмашов тарапынан көп пәтерлі тұрғын үйлердің есіктеріне арнайы түсіндіру қағаздары ілінді.