Шымкент қаласы Құрсай шағынауданына инжинерлік-инфрақұрылым тарту жұмыстары жүзеге асуда. Аудан орталығы электр жарығымен толық қамтылған. Ал жаңақұрылыс аумағында орналасқан 282 орамға электр қуатын жүргізуге биыл жобалық сметалық құжаты әзірленуде.

Шағынаудан орталығына табиғи газ берілген. Жаңақұрылыс аумағындағы 282 мен 283 орамға газ тарту үшін жобалық сметалық құжаты дайындалуда.

Ал, сапалы ауыз сумен қамтуға «Риголит» мердігер мекемесі тарапынан құрылыс 2021 жылы басталған. Жалпы ұзындығы 336,5 шақырымды құрайтын су жүйесін тарту жұмысы 2 кезең бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Бірінші нысандағы 185,5 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жүйенің 54 пайызы орындалған. Жоба үшін өткен жылы 747,2 млн теңге қаржы қаралса, биыл 2 040,4 млн теңге бөлініп отыр. Құрылысты аяқтау мерзімі осы жылдың қараша айына жоспарланған. Нысан пайдалануға берілгенде 17 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

Екінші кезеңдегі су жүйелерінің ұзындығы 151 шақырым. 2021 жылы басталған құрылыс, биылғы жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі. Қазір бұл нысанда жұмыстың 58 пайызы аяқталған.

2021 жылы қаламызда 3 магистралды суаққы мен 10 елді мекенде құрылыс аяқталып, сапалы сумен қамту көрсеткіші 95,6%-дан 98 пайызға жетті. Қазір суды кестемен алып отырған Құрсай, Сайрам шағынауданы мен Қайнарбұлақ тұрғын алабы үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрсайдағы құрылыс жыл соңына дейін аяқталады. Сайрам мен Қайнарбұлаққа ауыз су жеткізу жұмысы келер жылға өтпелі. 2023 жылы тағы 3 суаққының құрылысы аяқталғанда қаламыз ауыз сумен 100 пайыз қамтылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.