Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Мұрат Қабденов қызметке кіріскен алғашқы жұмыс күндерін азаматтарды жеке қабылдауға арнады. Мұнан кейін ішкі істер органдарында білімді, өз ісіне адал және жауапты қызметкерлердің қатары көбейгенін қалайтынын аңғартып, талапқа сай жас мамандарды жұмысқа тарту мен қабылдау үшін «Ашық есік» күні өткізілді. Өңірдің ғана емес, Шымкент қаласы мен Жамбыл облыстарының жастары да келіп, рухани астанада қылмыстың азаюына өз үлестерін қосу ниеттері барын білдірген.

Қызметін осындай игі қадамдармен бастаған генерал-майор Мұрат Қаб­денов тұрғындардың мәселесі бәрі­нен де маңызды деп есептейді. Күндіз басталған кездесуі түнгі уақытқа дейін жалғасқан. «Түркістан – күллі түркі ха­лықтарына ортақ, әлемге әйгілі қа­сиетті де киелі мекен. Бұл жерде со­пылық ілімнің негізін қалаушы, ақын, философ Қожа Ахмет Ясауи бабамыз жерленген. Түркістанда жүздеген ханымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан – түмен бап жатқан киелі өңір. Бір жағынан Түркістан облысы – менің туып-өскен, балалық шағым өткен құт мекен. Сондықтан қасиетті өңірге деген құрметім ерекше. Құт мекенде уақытпен жарыса зәулім ғимараттардың құрылысы қарқынды жүріп, қаланы тамашалауға келіп жатқан туристер санының артуын, демографияға оң әсер етіп, халық санының да өсе бастағанын байқауға болады. Ал бұл өз кезегінде облыс полицейлерінің тәртіпті қадағалап, қауіпсіздікті жоғары деңгейде қам­та­масыз етуіне әкеледі. Демек бұл ретте киелі облыстың тәртіп сақ­шы­ларының қатары артып, білім-білік­тіліктері де жетілдірілуі керек», дейді генерал-майор. Осы орайда 2019 жылы құрылған туристік полиция тобының қатарындағы сақшылар өз білімдерін жоғары оқу орындарында жетілдіруде. Олар шетелден келген азаматтарға қызмет көрсетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бол­ған­дықтан бірнеше тілде еркін сөй­лейтін, полиглот маман болуы заман талабы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларында құқық қорғау саласының қызметкерлеріне және олардың білім-біліктері мен қызметіне ерекше көңіл бөлуде. Өңірде тәртіп сақшыларының мінсіз қызмет атқаруына мүмкіндік жасалуда. Мысалы, учаскелік полицейлердің тәулік бойына көшеде және қоғамдық орындарда қызмет атқаруы, дабыл болғанда дер кезінде оқиға орнынан табылуы үшін талапқа сай стационарлық бекеттер салынуда. Олардың саны биыл да артады. Полиция департаментінің бастығы келтірген мәліметтерге қара­ғанда, өңірде ұрлық қылмысы 26,4%-ға, мал ұрлығы 17,1%-ға, бұза­қылық 26,7%-ға азайған. «Жалпы, ал­дағы уақытта да қылмыстарды азайту мен бол­дырмаудың жедел шарала­рын қарастыру, тез арада шешім қа­был­дау мақсатында жұмыстар ті­келей бақы­лауымда болады. Мем­лекет басшы­сы адамдардың құ­қықтары мен бостандықтары заңға сәйкес қорғалуын, қауіпсіздік тиіс­ті деңгейде қамтамасыз етілуін, учас­келік полицейлердің мәртебесін арттыруды жүктеді. Бұдан бөлек «Халық үніне құлақ асатын мемле­­­кет» тұжырымдамасы аясында ашық, қолжетімді болу, халықтың мұң-мұқтажына дер кезінде жа­уап беру, арыз шағымдардың заңды қа­ралуы үшін үш буынды модельді енгізіп, «сервистік полиция», «жұртқа жақын полиция» қағидаты сынды ел игілігі жолындағы тапсырмалар берілді. Осыған сәйкес министрліктің тікелей нұсқауымен еліміздің барлық аймағында аталған жобалар іске асырылуда. Сервистік полиция – халыққа мінсіз қызмет деп түсінемін. Яғни біз заманға сай бола тұра, азаматтардың арыз шағымдарына дер кезінде назар аударып, уәждерін ести білуіміз керек. Халықты үрейлендіруші емес, қайта жақын, жанашыр, қиындыққа тап болған сәтте қамқор, ерлікпен пара-пар істерді жасайтын, тәуекелшіл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және одан жиіркенетін, өзінің білімі мен біліктілігін жетілдіруші полицей болуымыз қажет», дейді М.Қабденов.

Сондай-ақ генерал-майордың пікі­рінше, егер халық өз балаларын, қауіпті қыз­метті тәу­лік талғамай атқарып жат­­қан полиция­ қызметкерлерін қол­да­маса, жанашырлық білдіріп, аға­лық ақылдарын айтып, бағыт-бағдар көрсетпесе атқарып жатқан істің барлығы бекер болмақ. Ал халық пен биліктің ой-пікірі бір жерден болса, алынбайтын қамал жоқ деп есептейді. «Осы сәтте қаңтар оқиғасы еріксіз көз алдыма келеді. Себебі сол оқиғада қауіпсіздікті қамтамасыз ете­мін, бұза­қылықты тоқтатамын де­ген полицейлер, әскерилер мен қара­пайым халық зардап шекті. Бірінің ұлы, жалғызы, үкілеген үміті, ал енді бірінің асырау­шысы, отбасының тірегі, отағасы, бірі­нің жақыны, туы­сы мен сенімді адамы мерт болды. Әрине бұрыннан біздің ұйыған тату­лығымызды көре алмаған арам пиғылдылар, оңтайлы сәтті күткен арандатушылар іліп әкетіп, жауыздық жасады. Қырды. Елдің ұландарымен қырқысуды, халыққа одан сайын қарсы қоюды көздеді. Президентіміздің сарабдал саясаты мен білімінің арқасында татулығымыз қайта тұрақталды. Қи­ра­ғандар қайта қалпына келуде. Сон­дықтан осы күнімізге де шүкір етейік! Қандай іс болса да, біртіндеп бой тік­тейді. Гүл бірден бүршік жармайтыны сияқты әрекет те бір мезетте нәтижеге алып келмейді. Ендеше біз­дің елімізді әлі алдағы уақыттарда да үлкен игі істер, ел басқарған білімді ер­лердің арқасында оң өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін», дейді генерал-майор.

Түркістан өңірінде де қаңтар оқиға­сы кезінде кішігірім шерулер болды. Оны жоққа шығара алмаймыз. Өйткені халық бір-бірін қолдады. Қымбатшылық бойынша өз пікірлерін білдірді. Бірақ үлгі боларлығы олар заңсыздыққа бармады. Мемлекет мүліктерін бүлдірмеді. Адам шығыны жоқ. Өңір жұрты өздерінің сабырлы екендіктерін көрсете білді. Биыл өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау мақсатында «Балалар жылы» деп жарияланғаны мәлім. Осы орайда тәртіп сақшылары жыл басын жақсы бастамамен, яғни «Абайлаңыз, балалар!» атты іс-шарамен бастады. Қазіргі уақытта аталған шара об­лыстың барлық аудандарында іске асуда. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол бойына жақын орналасқан мектептердің алдына инспекторлар бекітілген. Сонымен қатар инспекторлар әрбір мектептің сыныптарына барып, оқушылармен арнайы сабақтар өткізуде. Заң аясындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жас­өспірімдер ара­сында және­ олар­дың қатысуымен болатын қылмыс­тар­дың алдын алуда, се­беп-салдарын жеткізуде. Генерал «Балалар жылында» ғана емес, басқа уақыттарда да олардың қор­ғаны, қауіпсіздігін қамтамасыз етуші тәртіп сақшысы болу үшін бұл бағыт­тағы жұмыстар жүйелендіріліп, жалғасатынын айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.