Түркістан облысында жаңа құрылған Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округінде 14 елді мекен бар. Атап айтқанда Жуантөбе, М.Горький, Жаңадәуір, Ынтымақ, Көгерту, Қызыләскер, Ақжар, Қаратөбе, Көкбұлақ, Ғ.Мұратбаев, Қияжол, Құйған, Бозсу, Ескіқорған елді мекендері. Жалпы тұрғын үй саны — 3105, халық саны — 23533 адамды құрайды. Ауылдық округ бойынша 9 орта, 2 бастауыш мектептері, 1 ауылдық аурухана, 4 ауылдық дәрігерлік емханасы, 2 мемлекеттік және 8 жекеменшік балабақшалары, 2 мәдениет үйі, 3 ауылдық кітапхана бар. Округтің 14 елді мекені табиғи газбен толығымен қамтылған. Ақтөбе ауылдық округі Ынтымақ елді мекеніне ауыз су құрылысын жүргізу үшін сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) дайындалуда. Сонымен қатар 14 елді мекенді сапалы электр желісімен қамтамасыз ету үшін сәулет жоспарлау тапсырмасына (СЖТ) қажетті құжаттар жасалуда. Ақтөбе ауылдық округінде 2018 жылы ауыл шаруашылық тауарларын өндіретін өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жеке шаруа қожалықтардың егістік жерлеріне 1831 га дәндік жүгері, 154 га бұршақты астық, 335 га картоп, 800 га көкөніс, 53 га бақша, 80 га майлы дақылдар, 50 га техникалық дақылдар, 317 га мал азықтық дақылдары егілген. Округ аумағында үй іргелік 7,10 га жерлеріне жылыжай орнатып қызанақ және қияр егіп өнім алып жатқан азаматтар бар. Ақтөбе ауылдық округі аумағында мал шаруашылығын түрлендірумен айналысып жатқан жеке кәсіпкерлер бар. Олар «Сыбаға» бағдарламасымен және өздерінің қаражатымен асыл тұқымды бұқа және қошқар алып малдарын түрлендіруде. 2017 жылы 25 сәуір күні ауылдық округ аумағынан «Ақтөбе Е.А» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, бүгінде бірнеше ауыл азаматтарын жұмыспен қамтамасыз етуде. Атап айтқанда Ынтымақ елді мекенінен сүт қабылдау бекетін ашқан, бірнеше азаматтарға сауынды сиыр алып беріп, сол азаматтардан күніне сүт қабылдап, өздері қаймақ пен құрт жасап шығаруда.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *