Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһарға қарасты “Арғымақ”, “Ақтас -1”, ”Ақжар” еді мекендеріне барып, жол сапасын тексерді.
Ақжар тұрғын алабында жолдардың жалпы ұзындығы 26,2 шақырымды құрайды. Оның 5,7 шақырымына шағал тас, 19,6 шақырымына асфальт жабыны төселген, қалған 0,9 шақырымы топырақ жол.
Ал Ақтас-1 елді мекеніндегі жолдардың ұзындығы 11,3 шақырымды құраса, оның 1,1 шақырымына асфальт жабындысы, 10,2 шақырымына шағал тас төселген. 0,2 шақырымы топырақ жол.
“Арғымақ” елді мекеніне қарасты жолдардың ұзындығы 6,2 шақырымды құраса, оның 5,8 шақырымына шағал тас төселген, 0,4 шақырымы топырақ жол.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеп-тексеру, тәртіптік комиссия материалдарын қарау тәртібі және тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті адамның шешім қабылдау мерзімдері нақтыланды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет стандарттарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеліп соғады. Яғни, мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бойынша жүйелі және белсенді жұмыс жүргізуге бағытталған.
Бұл туралы қала әкімінің аралауы барысында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Саттиллаұлы баяндады.
Атап айтқанда, Жеңімпаз, Байеділ, Белдеутас, Белқұдық, Саумалкөл,Айыртау, Сұлутөбе, Тоқбергенов, Қазақстан 60 жыл, Сейфуллин, Қорғалжын, Шаңдыкөл, Жетіқара, Өркен және №3, №4 көшелерде жол құрылысы жүргізілді. Бүгінгі таңда жол құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып ел игілігіне пайдалануға берілді.
Шымкент қаласы аумағында жол құрылыс жұмыстары 2021-2025 жылдарға арналған жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.