«Индустриалды-техникалық колледжі» — 80 жылдық тарихы бар, Шымкенттегі техникалық жұмысшы кадрларды даярлайтын колледждердің бірегейі. Болашақ – дарынды, талантты студенттердің қолында. Ал, біздің білім ордамыз — талай-талай дарынды қанаттандырған, сыйластық пен шынайы достықты ұран еткен мекен. Өскелең ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етіп, жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін білім ордасы.

300

 

Колледждің ойы ұшқыр, ізденімпаз студенттеріне арналған дебат клубы жұмыс істейді. Клуб мүшелері талай сайыстарға, олимпиадаларға қатысып, білім ордасының атын шығарып, жеңімпаз атанып жүр. Сондай-ақ, студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, дарынын дамыту мақсатында жастар ұйымы белсенді еңбек етіп келеді. Оған колледждің қоғамдық жұмыстарға белсенді, өнерлі әрі дарынды студенттері тартылған. Жастар ұйымының құрамында ерікті жастарымыз да бар. Еріктілер түрлі қайырымдылық шараларына мұрындық болып жүр. Ғылымға құмар студенттер дәстүрлі «World Skills» сайысына, өзге де форум, конференцияларға, сайыстарға қатысып, бақ сынап келеді.Олардың түрлі-түрлі тағамдар, нан, тоқаш пісіргендеріне қызығып, кейде қазан-ошақтың ісіне кірісіп кететінмін. Солай аспаздардың көмекшісіне айналдым. Картоп, пияз, сәбіздерін ашып, қамырын илеп жүргенде қолымнан біраз нәрсе келетінін ұқтым. Осылай жүргенде аяқ астынан карантин басталып, мектеп жабылды. Амал жоқ қайтадан үйде отырып қалдым, – дейді ол.
Бірде кейіпкеріміздің үйінде нан таусылып, балаларын дүкенге жұмсайды. Дүкенде нан жоқ, наубайшы Өзбекстанға кетіп қалғанын естиді. Содан өз қолымен үйде нан жабады. Жары мен балары «дүкеннен алған нан мұндай тәтті емес» деп тамсанып жейді.
Қарашаңырақ білім ордасы «Жас маман» жобасы аясында халықаралық стандартқа сай құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Бұл біздің мамандарымыздың өндірістік тәжірибесін жетілдіріп, машығын арттыруға септігін тигізіп отыр. Яғни, әрбір студент диплом алған соң, өз ісінің білгірі ретінде әрдайым сұраныста болмақ. Колледждің спорт алаңшалары мен спорт үйірмелері заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Ал, кітапхана қоры кәсіптік білімнің қыр-сырын үйрететін оқу құралдары мен тың әдебиеттерге бай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.