«Индустриалды-техникалық колледжі» — 80 жылдық тарихы бар, Шымкенттегі техникалық жұмысшы кадрларды даярлайтын колледждердің бірегейі. Болашақ – дарынды, талантты студенттердің қолында. Ал, біздің білім ордамыз — талай-талай дарынды қанаттандырған, сыйластық пен шынайы достықты ұран еткен мекен. Өскелең ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етіп, жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін білім ордасы.

300

 

Колледждің ойы ұшқыр, ізденімпаз студенттеріне арналған дебат клубы жұмыс істейді. Клуб мүшелері талай сайыстарға, олимпиадаларға қатысып, білім ордасының атын шығарып, жеңімпаз атанып жүр. Сондай-ақ, студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, дарынын дамыту мақсатында жастар ұйымы белсенді еңбек етіп келеді. Оған колледждің қоғамдық жұмыстарға белсенді, өнерлі әрі дарынды студенттері тартылған. Жастар ұйымының құрамында ерікті жастарымыз да бар. Еріктілер түрлі қайырымдылық шараларына мұрындық болып жүр. Ғылымға құмар студенттер дәстүрлі «World Skills» сайысына, өзге де форум, конференцияларға, сайыстарға қатысып, бақ сынап келеді.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша шаһарда 25 мектеп, оның ішінде Әл-Фараби ауданында 3 мектеп салынады. 2023 жылы ауданда Қошқар ата аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Ал «Халық қатысатын бюджет» аясында 39 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланып отыр.
Қарашаңырақ білім ордасы «Жас маман» жобасы аясында халықаралық стандартқа сай құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Бұл біздің мамандарымыздың өндірістік тәжірибесін жетілдіріп, машығын арттыруға септігін тигізіп отыр. Яғни, әрбір студент диплом алған соң, өз ісінің білгірі ретінде әрдайым сұраныста болмақ. Колледждің спорт алаңшалары мен спорт үйірмелері заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Ал, кітапхана қоры кәсіптік білімнің қыр-сырын үйрететін оқу құралдары мен тың әдебиеттерге бай.

Е.АЛШЫНБАЕВ,
Индустриалды-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.