Шымкент қаласындағы «БИІК» спорт кешенінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған республикалық футбол фестивалі өтті. Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-ның футбол және әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдер арасында футбол фестивалін өткізуді қолға алған болатын.

85

 

Жастар футболын қолдау және дамыту қоры, Шымкент қаласының денешынықтыру және спорт басқармасы, «Ордабасы» футбол клубының қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара балалар спортын дамытуды, футболды насихаттауды мақсат еткен.Шымкент қаласындағы «БИІК» базасының алаңында Live Your Goals деп аталған ФИФА-ның футбол фестивалі өтті. Шараға 6-12 жас аралығындағы қалалық орта мектептердің 400-ден астам оқушы қыздары қатысты. Қазақстан әйелдер құрамасы мен «БИІК-Қазығұрт» футбол клубының ойыншылары нұсқаушы қызметін атқарды. Фестивальдің ашылу салтанатына Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов, Қазақстан футбол федерацисының Атқаршы комитетінің мүшесі Бауыржан Әбдубайытов қатысты. Олар бұл шараның әйелдер футболын дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға маңызы зор екенін атап өтті. «Қазақстан тарихында алғаш рет ФИФА аясында осындай шараны ұйымдастыру сеніп тапсырылды. Төрт жылдың ішінде еліміздің барлық аумағын қамтуды көздеп отырмыз. Фестивальдің қорытындысы бойынша маңызды сұрақтарды түртіп алдық. Ең бастысы қыздар үлкен футболға алғашқы қадамын жасады», — дейді әйелдер футболының жетекшісі Әнуар Биданов. Айта кету керек, ФИФА аясында өтетін бұл турнир 2011 жылдан бастап әлемнің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып келеді. Live Your Goals фестивалін күзде Ақтөбе қаласында өткізу жоспарланып отыр.
Оңтүстік футбол академиясының директоры Бақыт Көшенов, ҚФФ бұқаралық футбол департаментінің менеджері Наталья Горенко футбол фестивалі балаларға зор серпін беретінін атап өтті. Аталған іс-шараға Шымент қаласынан 2 балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысады.
Айта кетсек, фестивальде «Ордабасы» футбол орталығының және футбол клубының ойыншылары мен жаттықтырушылары футболдан шеберлік сағатын өткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *