«Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Ассамблея мүшелеры,Шымкент қаласы Этно мәдені қоғам бірлестігі торағалары ,,AMANAT “ партиясы мүшелеры,
мегаполисте тұратын ҰОС ардагерлерінің үйіне барып, Жеңіс күнімен құттықтады.
ҰОС ардагері Қазбаев Абылай атамыз жастайынан соғысқа аттанып, Харьков, Ворошилов Украина майданында Севастопольде, Латвия, Литва, Кенигсбергдегі шайхастарға қатысып, Берлинде жеңісті қарсы алған. Майдангер зеңбірекшілер тобында жүріп, неміс танкісіне қарсы тұра білген жаужүрек жауынгерлердің бірі болған. 1945 жылы 1-мамырда Кенигсберг қаласын азат етуші жауынгерлер сапында болған. Елге оралып, қорғасын зауытында темір-ұсташы, машинист-қазаншы болып қызмет еткен.
Қазіргі таңда Абылай атамыз немере-шөбере сүйіп, ғасыр жасап, өмірдің ащы-тұщысын көрген ардагер ретінде жас ұрпаққа ақылы мен өсиетін айтып, партияластарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Ұлы Отан соғысы (22 маусым1941 жыл – 9 мамыр1945 жыл) — Еуропалық «Ось» елдерінің Кеңес Одағына, Польша мен қалған Одақтас елдерге қарсы әскери әрекет театры болған. Қақтығыс 22 маусым 1941 — 9 мамыр 1945 уақыт аралығында өтіп, шайқастар Орталық ЕуропаШығыс ЕуропаСолтүстік-Шығыс Еуропада (Балтық елдер) және Оңтүстік-Шығыс Еуропада (Балқан) орын алған. Ұлы Отан Соғысы — Екінші Дүниежүзілік Соғысының шешуші майданы болып, нәтижесінде Нацистік Германияның құлауының басты себебі болған.

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́). Елдердің көбісінде бұл қақтығысты «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деп атайды, ал неміс пен украин тарихтануында оған «герман-кеңестік соғыс» деген атауын берген.

Екі басты қарсылас — Нацистік Германия мен Кеңес Одағының арасындағы шайқастар дүниежүзілік тарихындағы ең ірі әскери конфронтациясын құрған. Соғыс Нацистік әскерлердің Кеңес Одақтың батыс шекарасынан басып кіруінен басталып, екпіндей елдің батыс аймағын жаулап алған. Құрама Штаттары мен Ұлыбритания тікелей қақтығыста қатыспаса да, олардың Ленд-лиз бағдарламасы арқылы, олар Кеңес Одақтың Германияны жеңуінде ірі үлес қосқан. Соғыс басталған соң, Финляндия Қыс Соғысының жалғасы ретінде, Германия мен Италияның қолдауымен Ресейдің солтүстік-шығысына басып кірген. Бұл майданда ұзақ-өткен Ленинград Блокадасы өткен.

«Бүгінгі таңда Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан үш ардагер бар. Біздің парызымыз қала ардагерлеріне барынша қамқорлық жасап, көмегімізді аямау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.