1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі — көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол — еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.

Бұл тұрғыда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Елбасымыздың көреген, сарабдал саясатын төрткүл дүние мойындап отыр. Соның бір мысалы, Сенат Маршалының айтуынша, Польша Н.Назарбаевтың тамыз айына елімізге жоспарлаған сапарына үлкен маңыз береді. Бұл туралы Польша Республикасы Сенатының Маршалы Станислав Карчевский ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінен соң мәлім етті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *