Қазіргі кезеңдегі ұлттық экономиканы дамытудың басты мәселелерінің бірі – экономиканың агроөнеркәсіп саласын тұрақтандыру және дамыту барысында индустриалды-инновациялық дамуға үлкен мән беру болып табылады. Осыған байланысты агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту, оның ішінде мақта саласының экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын іздестіруге арналған зерттеулер ерекше маңызға ие. Инновациялық экономиканы алға жылжытушы күш – бұл инновацияны жаңартпашыл ой-пікірден тауарға және тұтынушыға дейін жеткізеді, бұл күштің қайнар көзі бәсеке болып табылады. Бәсеке кәсіпкерлерді және менеджментті жаңа өнім шығаруға қызықтырады, осындай жолмен инновацияға және инновациялық өнімге сұраныс пайда болады, рынокта жаңа тауашалар иеленеді, пайданы арттырады. Еркін бәсеке жаңа білімге, инновацияға және инновациялық өнімге қызықтырушы қуатты құрал. Инновациялық жүйенің және дамыған елдердің экономикалық моделінің артықшылықтарын Қазақстанда қолдану мүмкіндігін қарастыру, оны беруші және таратушы механизмдерін жарату маңызды мәселе. Елімізде: ІЖӨ-нің құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 12,5%, ал инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесін 10% жеткізу көзделген.
Медиаон ақпарат