Түркістан облысы Шардара ауданына Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов іссапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Сенатор жер асты суының ластану проблемасын шешуді бақылауда ұстайтын болады Қызылорда облысында ойыншықтардан қауіпті заттар анықталды Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүру қаупіне орай жол жабылды Алматыда көктемгі дератизация сәуірде басталады Вице-министр Көксу ауылында болып, шаруалармен және диқандармен, аудан депутаттарымен кездесті. Онда тұрғындар тарапынан ағын суды уақытылы беру, Қызылқұм магистралды каналын қайта жөндеуден өткізу, ағын су төлемақысын төмендету және лимитін реттеу секілді мәселелер көтерілді. Кездесуге қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Ержан табиғи құбылысқа байланысты ағын су тапшылығына тап болатын шаруаларға қосымша күнкөріс жағдайын жасау, ағын су төлемақысын дұрыс жүйелеу керектігін айтты. Сонымен қатар, диқандар әр жыл сайын жергілікті әкімдікпен ақылдасып, жылдық жағдайларды бағамдай отырып сұранысқа ие өнімдерді егумен айналысуға көшу керектігін қозғады. Жергілікті шаруа қожалық басшылары және диқандардың мәселелерін тыңдаған Серік Қожаниязов көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында ағын суға байланысты қосымша ұсыныстар айтылды. Тараптар бүгінгі күнгі егінге қажетті суды жеткілікті мөлшерде босатуға келісті. С.Қожаниязов аудандағы ағын су тарифын реттеуді министрлікте көтеріп, тиімді шешім шығаратынын айтты.