Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ Өгем филиалы қызметкерлерімен бірлесіп 2022 жылдың 20 шілде күні жазғы өрт қауіпті маусымы кезінде дала, орман және тоғай өрттерінің алдын алу, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында рейдттер жүргізіліп, шөп ору науқанында жүрген азаматтарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар таратылды.