7 мамар — Отан қорғаушылар күніне орай, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды-техникалық колледж ғимаратында №75, №29, №49 және №3 білім беру мекемелерінің жастары арасында «Dala battle» әскери-патриоттық іс-шара өтті.

Мақсаты — оқушылардың дене даярлығын, спорттық шеберліктерін арттыру және патриотизмге баулу болып табылады.

Іс-шара барысында сала қызметкерлері жастарға техникалық қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, «Dala battle» әскери-патриоттық іс-шарасының ережелерін түсіндірді. Сайыс түрінде өткен іс-шара 3 кезеңді қамтыды.

🔺 1 кезең — мектеп оқушылары арасында 100метр қашықтыққа жүгіру;

🔺 2 кезең — белгіленген уақыт көлемінде автомат құралдарын, шашып жинақтау;

🔺 3 кезең — алғашқы жәрдем көрсету бойынша жүргізілді.

Сайыс нәтижесі бойынша, жүлделі орын нәтижесі төмендегідей ⤵️

Бас жүлде — №49 мектеп
l орын — №29 мектеп
II орын — №75 мектеп
III орын — №3 мектеп жастары орын алып, арнайы кубок, алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында қысқы оқу кезеңіндегі жауынгерлік даярлық деңгейін анықтау үшін бақылау тексерісін тапсыру аяқталды. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әскери бөлімнің бөлімшелері штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы меңгерудің лайықты іскерлік деңгейі мен дағдыларын көрсетті. Атап айтқанда мотоатқыштар, танк, артиллерия, инженерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері штаттық қару-жарақ пен атыс қаруынан бақылау ату жаттығуларын орындады. Сондай-ақ, арнайы, тактикалық, техникалық, инженерлік дайындық, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және техниканы жүргізу бойынша нормативтерді орындады.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының арнайы комиссиясы әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік дағдыларының деңгейін және бөлімшелердің үйлесімділігін, жауынгерлік кезекшіліктің жай-күйін, қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жай-күйін бағалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.