Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы Абай ауданы әкімдігі қызметкерлерімен «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізді. Жиында «Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппаратына бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу» аудиторлық іс шарасының нәтижесі сөз болды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар бюджет қаражатын тиімді жұмсау мәселелері аясында өз ойларын ортаға салды. Өздерін толғандырған сұрақтарына жауап іздеп, пікір алмасты. Жиын қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері бюджет және қаржы саласына қатысты қолданыстағы заңдылықтарды дұрыс басшылыққа алу қажет екенін айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізды. Алдағы уақытта қаржылық заң бұзушылықтарға жол бермеу және оның алдын алу жөнінде берген ұсыныстар дөнгелек үстелге қатысушылар тарапынан қолдау тапты.
іздің жеңіспен өрілген тарихымыз бар. Араға неше жыл салып, Азия чемпионатының екі бірдей алтын жүлдесі бұйырды. Бұл жастарға үлкен мотивация болды. Кадеттер, жастар арасында да құрлық чемпионатының жүлдегерлері әрдайым шығып жатыр. Қазіргі жасөспірімдердің талпынысы қуантады. Қалалық спорт басқармасы, қалалық федерация да спортшыларға жеткілікті қолдау көрсетіп келеді. Оқу-жаттығу жиындарына тұрақты барамыз. Бәрі де қолдауға байланысты. Шымкентке келгенімде залға барып, кішкентай балалармен кездесіп, ақыл-кеңесімді беріп тұрамын. Кездесуге, мастер-класс өткізуге шақыратындар көп. Жасөспірімдерге бір сәт жүздескеннің өзі үлкен қуат береді.
Ендігі ретте шаhарда күрес түрлері бойынша спорттық инфрақұрылымды дамыта түсу керек. Ғылыми әдістерге көңіл бөлу, спорттық медицинаны дамыту уақыт күттірмейді.
Күреске балаларды қызықтыру үшін әлі де насихат жұмыстарын жандандыра түсу қажет. Күресті дамытуда түрлі жобалар, шоу бағдарламалар ұйымдастырылса деймін. Жастар осы спорттан өмірде жетістікке жетуді, отбасын асырауды ойлайды. Сол себептен, оларды қаржылай қолдауға қызықтыру іс-шараларын қолға алған жөн. Одан кейін, жасөспірімдер әдемі безендірілген, құштарлығын оятатын заманауи залдарда жаттыққысы келеді. Қайбір жылдары Мардан Сапарбаевты еске алу турнирінде жеңімпаз балуанға автокөлік берілген болатын. Сонымен қатар, күрес лигалары ұйымдастырылса, құба-құп. Міне, қазіргі уақытта осындай іс-шаралар көптеп өткізудің пайдасы мол.