Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы – бұл бизнес-навигаторды білдіретін электронды портал. Түркістан облысында «Бизнес жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы қарқынды жұмыс жасап жатқаны баршамызға мәлім. Кәсіпкерлер, инвесторлар мен бизнеске қызуғушылық танытқан басқа да қатысушылар үшін маңызды ақпараттар топтастырылған. Бизнес-навигатор мемлекеттік қолдау шаралары және кәсіпкерліктің дамуы, еліміздің барлық өңірлері бойынша жүргізілген талдаулар туралы (әлеуметтік-экономикалық дамыдың негізгі көрсеткіштері) ақпараттарды ұсынады. Сондай-ақ порталда бизнес-субъектілер туралы маңызды байланыстар және басқа да керекті ақпараттар берілген еліміздегі Кәсіпкерлердің бірыңғай реестрі орналасқан. Өңірлік карта индустриалдық және инвестициялық шешім шығарудың негізі бола алады. Қазіргі таңда өңірлік картада 105 инвестициялық жоба белгіленген. 103-тен астам мемлекет өкілдері қызығушылық танытып, қазірдің өзінде порталға кіріп жатыр. Сонмен бірге, кәсіпкерлер болашақта инвесторларды тарту үшін, бизнес-идеяларының инвестициялық жоба деңгейіне жетпей қалу мәселелеріне кезігіп отыр. Ал кәсіпкер ұсынған инвестициялық жобалар инвесторлардың талаптарына сәйкес келе бермейді. Осыған орай, ұсынылады: — жобаны Индустрияландыру картасына енгізу туралы шешім қабылдар кезде Өңірлік үйлестіру кеңесін Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасындағы мәліметтерді ескеруге міндеттеу; — «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасына кәсіпкерлердің Техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) жасау кезіндегі шығыстарын өтеу жөніндегі мемлекеттік қолдау шарасын қосу. Осы орайда ТЭН жасау қызметін көрсету бойынша компанияларға талаптарды бекіту; — өңірлік карта базасындағы нарық туралы негізгі деректер арқылы аумақтық нарықтағы оңтайлы бос орынды іздеудің құралы ретінде «бизнес-конструктор» қағидаты бойынша кіші жүйе құру.
Медиаон ақпарат