Трактордың шөп тиейтін және басқа да қосалқы жабдықтары бар. Енді малының жем-шөбін өзі жинап, техникасын басқа да қажеттіліктеріне еркін пайдалана алады.  Бұл мүмкіндікті оңтүстік өңір де қалт жібермеді. Қазығұрт ауданына қарасты Тұрбат ауылының тұрғыны Мекенбай Бегімқұлов Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Түркістан облысындағы филиалынан «Игілік» бағдарламасы арқылы 6 процентпен 6,5 жылға 3,7 млн теңге несиеге рәсімдеп, 120 бас саулық қой мен 4 қошқар сатып алды. Кәсіпкер қойын қоздатып, алдағы уақытта қорасын малға толтырмақ. Ал Созақ ауданына қарасты Шолаққорған ауылының тұрғыны Мұрат Ақтайұлы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Түркістан облысындағы филиалынан «Игiлік» бағдарламасы арқылы 6 процентпен 4 млн теңге несие рәсімдеп, оған 12 бас жылқы сатып алып, кәсіп бастады. Кәсiпкер «Бастау» жобасы арқылы оқып, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына қатысқан болатын. Айта кетейік, «Еңбек» бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Игілік» несие өнімi арқылы кәсiппен айналысамын деген азаматтарға 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие бердi.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *