Түркістан облысы Түлкібас ауданында 2019-2020 жылдары жалпы құны  98,2 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылып, 3500 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Олар  «Ет өнімдері» ЖШС, «AK Kazyna» ЖШС, «РАХ Оңтүстік» ЖШС, «Жабағылы Құс» ЖШС, «Арсен Ас» ЖШС, «Ferrum Construction» ЖШС және «Түлкібас Темір» ЖШС.

 

Бұдан өзге, ауданға биыл 17,9 млрд. теңгеге инвестиция тарту көзделіп отыр. Оның ішінде, кәсіпкерлік саласында – 13 млрд. 195 млн. теңге, ауылшаруашылығы саласында – 350 млн. теңге, құрылыс саласында – 1 млрд. 468,4 млн. теңге, әлеуметтік салада – 2 млрд. 49,3 млн. теңге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық салада –  837,4 млн. теңге.

 

Туризмді дамыту мақсатында ауданда 2019 жылы жалпы құны 1 млрд. 336 млн. теңгені құрайтын 5 нысанды іске қосу жоспарланып отыр. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жол бойында қазіргі таңда ірі 3 жобаның құрылысы жүруде. Олар «Құрылыс» ЖШС жол бойы қызмет көрсету орталығы, жобаның жалпы құны – 346 млн. теңге сыйымдылығы – 100 орын, онда жаңадан 25 жұмыс орны ашылады. «Шұқырбұлақ» жол бойы қызмет көрсету орталығы, жобаның жалпы құны – 150 млн. теңге сыйымдылығы – 50 орын, жаңадан 12 жұмыс орны ашылатын болады. «Шақпақ» жол бойы қызмет көрсету орталығын қайта құрылымдау, жобаның жалпы құны – 76 млн. теңге, сыйымдылығы – 30 орын, жаңадан 10 жұмыс орны ашылады.

 

Сонымен қатар, ауданда табиғи емдік туризмді дамыту мақсатында биыл сыйымдылығы 70 орындық «Этно Парк» құру жобасы қолға алынады. Жобаның жалпы құны – 417 млн. теңге, жанадан 30 адамға жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, «Жайлау» емдеу сауықтыру орталығы Жобаның жалпы құны – 347 млн. теңге, сыйымдылығы – 100 орын, кешен 50 адамды жұмыспен қамтымақ.

 

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *