Кәсіпкерлік сектордың дамуына әсер ететін ауқымды бағыттың бірі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. Бұл мемлекеттік органдар мен жеке меншік сектордың қоғам игілігі үшін атқарылатын жұмыстарда ынтымақтастық орнату арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағыт бүгінгі нарықтық қоғамға қалай енді, ерекшелігі мен тиімділігі қандай?

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қайдан шықты?

Жалпы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік идеясының заманауи түсінігі, қайта жаңғыруы ХХ ғасырдың 80-жылдарында Ұлыбританияда туындады деп саналады. Бұл бағыт соңғы жылдары халықаралық және ұлттық деңгейде ең алдымен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инновация ретінде қабылданғанымен, көптеген елде билік пен жеке сектор арасындағы байланыс бұрыннан қалыптасқан. Бразилия, Испания, Италия, Мексика, Америка Құрама Штаттары және Францияда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тарихы тереңде.

Британиялық ғалым Стивен Хокинг Линдер «Сексенінші жылдардың соңындағы серпін мен қажетті реформалық дәреже алғанына қарамастан, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік билік үшін жаңашылдық емес. Он жылдан астам уақыт бұрын АҚШ федералдық үкіметте мұндай әріптестік ешқандай салтанатсыз, реформалық мөрсіз-ақ, қала инфрақұрылымын дамытуда жеке инвестицияны ынталандыру құралы ретінде қолданылды», – деп пікір білдірген. Мұнымен қоса, ғалымның айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік өңірлік экономиканы қалыптастыруда федералдық бастамалардың шоғырландырудың тетігіне айналған. «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» термині бастапқыда Америкада пайда болған. Білім беру бағдарламаларын қаржыландыруда мемлекет пен жеке сектордың бірлесіп жұмыс атқаруынан басталған. Кейіннен 1950-жылдары қоғамдық пайдалану нысандарын қаржыландыру қолға алынса, 1960-жылдары қаланы модернизациялау мен қайта құруда жекменшік кәсіпорында қатысып, бұл байланыс нығая түсті. Осылайша мемлекеттік маңызы бар тас жолдар мен магистральдарды салу және пайдалануға беруде жеке меншік сектор негізгі рөл атқарды. Сонымен қатар Жапонияда бұл тәсілді пайдаланып, алғашында жеке сектордың қаражылай көмегі арқылы көпір салынған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *