«Бизнес жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамыту шаралары аясында Түркістан облысында бүгінде көптеген кәсіпорын жұмыс жасап тұр

Spread the love

Түркістан облысында бүгінде 142 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде. Бұл көрсеткіш бойынша өңір елімізде екінші орынға тұрақтаған. Бизнесті қаржыландыру көлемі 74,6 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 16,5 млрд теңгеге артқан. Осы жұмыстардың нәтижесінде 5 мыңнан астам шағын орта кәсіпкерлік жобалары мен 42 мыңға жуық ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қаржыландырылған. «Инвестицияларды тарту мемлекет басшысының Жолдауында қойған негізгі міндеттері бірі болып табылады. Жобаларды іске асыру бойынша атқарылған маңызды әрі жүйелі жұмыстардың нәтижесінде аймаққа 441,2 млрд теңге инвестиция бағытталып, нақты көлем индексі 38,5%-ға артты. Оның ішінде 61,6 млрд теңге сыртқы инвестицияларға бағытталып, үлесі 14 пайызды құрады. Өңірде 9 индустриалдық аймақ пен «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Арнайы экономикалық аймағы 3 014 гектарды құрайтын 5 субаймаққа бөлінген»,- деген болатын  Өмірзақ Естайұлы. Аймақ басшысының сөзінше, инвестиция тарту арқылы аудан-қалаларда бірқатар ірі жобалар қолға алынбақ. Соның ішінен өткен жылы Келес ауданындағы ресейлік «Эко-Культура Агрохолдинг компаниясы» құны 450 млрд теңгеге жуық болатын инвестициялық жобаға аумағы 500 гектар жерге өндірістік жылыжай құрылысының басталуы күтілуде. Бұл инвестициялық жоба тұрғылықты халықты алдағы 5 жылдықта 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарымен қамтиды деп көзделіп отыр.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *