«Бизнес жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасы – кәсіп ашқысы келген азаматтарға қолдау көрсететін негізгі мемлекеттік бағдарлама.

Spread the love

Биыл Түркістан қаласынан осы бағдарлама аясында 30 бизнес жоба қолға алынып отыр, оның көпшілігі жаңадан ашылып жатқан кәсіп түрлері болса, кейбірі өз бизнестерін одан әрі жандандыру мақсатында бағдарламаға қызығушылық танытып отыр. Диана Алтынбек аталған бағдарлама арқылы өзінің түйе шаруашылығын бастау үшін 1 миллиард теңге көлемінде қаражат алуды көздеп отыр. Кәсіпкердің мақсатын ел аумағын пайдалы шұбат сүтімен қамту, өзіміздің отандық өнімге деген қызығушылықты арттыру болапы табылады. Диана қала облыс орталығы болып бекітілген сәттен бастап түйе шаруашылығымен шындап айналысуды шешкен. Себебі кәсіпкер ауыл шаруашылығы өніміне сұраныс жорғары деп есептейді. Мамандардың ұйғарымынша, түйе сүтінен жасалатын шұбатты қант диабеті, туберкулез, тері және қатерлі ісік сияқты 100-ге тарта ауруды емдеуге пайдалануға болады. Ғылыми зерттеулер түйе сүті жас жеміс пен көкөністі алмастыра алатынын дәлелдейді. Сиыр сүтімен салыстырғанда, шұбатта С дәрумені үш есе, темір 10 есе көп. Шұбат аса сіңімді әрі ішектегі пайдалы бактерияларды көбейтеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *