Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек.

Spread the love

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы мемлекеттің өркендеп өсуіне сүбелі үлес қосып жатқан Қазақстанның басты құжаттарының бірі. Бағдарламаның әрі қарай жүзеге асып, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар осы стратегияға сәйкестендіріліп қызмет етуі қажет деп санайды Президентіміз Қ.Тоқаев. Орталықсыздандыру идеясының мәні – шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру. Жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдауымыз қажет. Жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіктері қаржылық және кадрлық ресурстармен нығайтылатын болады. Қоғам  және  азаматтар  мемлекеттік  шешімдер  қабылдау  процесі  мен олардың жүзеге асырылуына тікелей қатыстырылуы қажет. Жергілікті басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру керек. Мен Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Ол ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді. Біз селолық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз. Бірақ, сонымен бірге, бізге қоғамдық бақылауды, жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек. Барлығы 2533 әкім, соның ішінде селолық округтердің, кенттердің және аудандық маңызы бар 50 қаланың әкімі сайланатын болады. Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің жалпы санының 91,7%-ы! Осылайша, біз азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын және мәселені жергілікті жерде шешетін барлық әкімдерді сайланбалылықпен қамтудамыз. Азаматтардың жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешуге, жергілікті билік органдарының жұмысын бақылауға белсене араласатын уақыты туды. Біз бүкіл әлеммен бірге өркениетті жолмен жүруге және қоғамның одан әрі демократиялануына бағыт ұстауға тиіспіз. Орталықсыздандыру – ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің сапалық өзгерісі, мәселелерді жергілікті деңгейде шешу жүйесін өзгерту. Бұл орайда орталықсыздандыру жоғарыдан төмен қарай басқару билігінің әлсіреуіне, орындаушылық тәртіп мен реттіліктің төмендеуіне апарып соқтырмауы тиіс. Оған жол беруге болмайды. Жергілікті жерлерде әкімдер, Үкімет мұны ерекше бақылауда ұстауға тиіс.

Медиаон ақпарат

281 сөз

Мы должны грамотно проводить децентрализацию управления.

Стратегия «Казахстан-2050» — это один из главных документов Казахстана, который вносит достойный вклад в процветание государства. Елбасы Н.Назарбаев считает, что в соответствии с этой стратегией должны работать государственные программы, направленные на улучшение благосостояния населения и дальнейшую реализацию программы. Необходимо принять конкретные меры по распределению ответственности и полномочий между центром и регионами. Полномочия органов власти на местах будут подкреплены финансовыми и кадровыми ресурсами. Общество и граждане должны быть непосредственно вовлечены в процесс принятия и реализации государственных решений. Через органы местного управления необходимо дать населению реальную возможность самостоятельно и ответственно решать вопросы местного значения. Я утвердил Концепцию развития местного самоуправления. Он позволит повысить качество управления на аульном, сельском уровне и расширит участие граждан в вопросах местного значения. Мы наделяем сельские акиматы дополнительными полномочиями и усиливаем их влияние на ситуацию на селе. Но вместе с тем, нам необходимо усилить общественный контроль, влияние граждан на ситуацию на местах. Всего будет избрано 2533 акимов, в том числе сельских округов, поселков и 50 городов районного значения. Это 91,7% от общего числа акимов всех уровней! Таким образом, мы обеспечим выборность всех акимов, непосредственно работающих с гражданами и решающих вопрос на местах. У нас есть время, когда граждане активно участвуют в решении актуальных вопросов на местах, в контроле за работой местных органов власти. Мы должны вместе со всем миром двигаться по цивилизованному пути и ориентироваться на дальнейшую демократизацию общества. Децентрализация – это, прежде всего, качественное изменение системы государственного управления, изменение системы решения проблем на местном уровне. При этом децентрализация не должна приводить к ослаблению управленческой власти сверху вниз, снижению исполнительской дисциплины и последовательности. Его нельзя допускать. На местах акимы, правительство должны держать это на особом контроле.

Медиаон информация

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *