«Қазақстан — 2050» — Баланы қорғау

Spread the love

Елбасымыз бағдарламада баланы қорғауға да ерекше көңіл аударған. Бейбіт өмірдің өзінде бізде мыңдаған жетімдер бар – балалар үйлері толы. Бұл, өкінішке қарай, жалпыәлемдік үрдіс және жаһанданудың сынағы. Бірақ біз бұл үрдіспен күресуіміз керек. Мемлекетіміз бен қоғамымыз жетімдерді асырап алуды және отбасы типіндегі балалар үйлері салынуын көтермелеуі қажет. Ерлердің әйелдер мен балаларға мүлдем жауапсыз көзқарас танытқан оқиғаларының саны өсуде. Бұл біздің дәстүрімізге, мәдениетімізге тіптен жат. Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын. Біздің топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс. Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені, оның салдарынан ең алдымен балалар зардап шегеді. «Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға білмейді». Бала тәрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті. Ал болған іс болған екен, онда әке алимент төлеуге тиіс. Мемлекет жалғызбасты аналарды қолдауы және алимент төлемегені үшін жазаны күшейтуі керек. Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек. Өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік тудыруға көп күш жұмсадым: «Балапан» бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр. Өздеріңіз білесіздер, оған тек дайындығы бар және дарынды балалар ғана өте алады. Баланы білім мен еңбекке дайындау – ата-ананың борышы.

«Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет.

  • ана мен баланы қорғау, сондай-ақ, отбасы және неке саласында заңнаманы түбегейлі қайта қарауды;
  • ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін, сондай-ақ, осы саладағы ең ұсақ деген де заңбұзушылықтар үшін жазаны күшейтуді;
  • туу мен көп балалы болуды ынталандыру жүйесін реформалауды – жеңілдетілген салық, медициналық және әлеуметтік қызмет, еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер беру және сол сияқты материалдық және материалдық емес ынталандыруларды қамтитын шаралар кешенін әзірлеуді;
  • елде жыныстық ерекшелігі бойынша кемсітушілікке жол бермеу және іс жүзінде

гендерлік теңдік пен әйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл орайда мен сөзімді ең бірінші жұмыс берушілерге арнаймын.

Медиаон ақпарат

319 сөз

«Казахстан-2050» — защита детей

Елбасы обратил особое внимание и на защиту ребенка в программе. В мирной жизни у нас есть тысячи сирот-детские дома полны. Это, к сожалению, общемировые тенденции и испытания глобализации. Но мы должны бороться с этим процессом. Государство и общество должны поощрять усыновление сирот и строительство детских домов семейного типа. Растет число случаев, когда мужчины полностью безответственного отношения к женщинам и детям. Это вовсе не противоречит нашим традициям, культуре. Дети-самая слабая и беззащитная часть нашего общества и они не должны быть без права. Как глава государства, я требую защиты прав каждого ребенка. Любой ребенок, родившийся на нашей земле, — казахстанский. И государство должно взять его под опеку. Я против развода, надо воспитывать молодежь в духе ценности семьи, трагедии разводов, потому что, в первую очередь, страдают дети. «Отец не знал, что овцы не знают, что козы ценят». Воспитание ребенка-это обязанность не только матери, но и обоих родителей. А случилось дело, где отец должен платить алименты. Государство должно поддерживать одиноких матерей и усилить наказание за неуплату алиментов. Воспитание ребенка-это самые большие инвестиции в будущее. Мы должны так подходить к этому вопросу и стремиться дать нашим детям хорошее образование. Передовые возможности для получения образования подрастающего поколения много сил в создание и согласие в нашем обществе «Балапан» реализуется программа, Интеллектуальные школы, Назарбаев Университет, программа «Болашак» работает. Как вы знаете, к нему допускаются только подготовленные и одаренные дети. Подготовка ребенка к образованию и труду – долг родителей.

Девиз «Все лучшее детям» должен стать принципом для всех родителей.

* кардинальное пересмотр законодательства в области охраны материнства и детства, а также в сфере семьи и брака;

  • ужесточение наказания за преступления, направленные против материнства и детства, а также за мелкие и мелкие нарушения в этой сфере;;
  • разработать комплекс мер, включающих реформирование системы стимулирования рождаемости и многодетных матерей – льготные налоги, медицинские и социальные услуги, предоставление новых возможностей на рынке труда и т. д. материальные и нематериальные стимулы;

* недопущение дискриминации по половому признаку в стране и на практике

поручаю гендерному равенству и женщинам обеспечить равные возможности с мужчинами. При этом я посвящаю свое слово первым работодателям.

Медиаон информация

331 слов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *