Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен арнайы жиында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру тетіктері қарастырылды. Пилоттық жоба аясында қала аумағында 25 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады. Келер жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделген.
Тиісті басқарма басшыларының қатысуымен өткен басқосуда нысандарды инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту барысы талқыланды. Мұрат Дүйсенбекұлы жоспарланған мектеп ғимараттарына қажетті табиғи газ, электр, су жүйелері мен жолдарды талапқа сай жүргізуді тапсырды.2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Шымкент қаласына келушілерді орналастыратын (қонақ үйлер, хостелдер) орындарның саны 147 бірлікті құрады. Онда жалпы 2869 бөлме, 5552 төсек-орын қарастырылған.
2022 жылдың тоғыз айында қалада 311,9 мың адамға қызмет көрсетілген. Оның 25,1 мыңы резидент емес, яғни шетелден келушілер. Сапармен келгендердің 23 мыңы жеке мақсатта, 2,2 мыңы іскерлік және кәсіби мақсатпен келгендер. Қалаға келушілерге 5331,6 млн. теңге көлемінде қызмет көрсетілді.
Қала қонақтарына орналастыру бойынша көрсетілген қызметтер көлемі (мейрамханалардың көрсетілетін қызметтерін қоспағанда) 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,5% артқан.
— Ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне мән берілуі керек. Мектептердің көшелерін жарықтандыруды және бейнебақылау жүйелерімен қамтуды ұйымдастырыңыздар. Мектепке қатынайтын қосымша маршруттар бекітіңіздер. Білім ғимараттары түгелдей жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылуы тиіс, — деді қала әкімі.
Сондай-ақ, халықтың демографиялық өсу динамикасын ескеріп, алдағы уақытта білім ғимараттарының орындарын Бас жоспарға сәйкес белгілеп алу қажет екенін ескертті. Басқарма басшыларына құрылыс барысындағы өзекті мәселелерді бірлесіп, дер кезінде оңтайлы шешуді тапсырды.