Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлының кезекті іс-сапары Қазығұрт ауданында жалғасты. Алғашқы аялдама Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы білім беретін мектепке барып, жылыту маусымына дайындығы пысықталды. Басқарма басшысы білім ұясымен танысып, ағымдағы жөндеу жұмыстарына ұсыныс беруді тапсырды. Қазіргі таңда газға ауыстыру жоспарда.

Қазығұрттағы Қызылдихан жалпы білім беретін мекемесіне келген басқарма басшысы аралауды қауіпсіздік шараларынан бастады. Қоршауды қарап, бейнебақылау камераларын түгендеді. Дабыл батырмасын да тексерді. Интернет жылдамдығының баяулығы байқалды. Мектеп директорына тиісті жұмыс жүргізіңіз деп нықтап тапсырма берді.

Келесі “Жаңатірлік” жалпы білім беретін мекемесіне ат басын бұрды. Қатты отыннан газға өткен білім ордасында мәселелер жеткілікті. Қауіпсіздік бойынша кей бейнебақылау камералары жұмыс істемейді. Ішкі әжетхана мәселе бойынша мектеп директорына тапсырма берді. Білім ұясына орталықтандырылған судың келуі де мәселе. 53 жыл бұрын ашылған мектепте 600-ге жуық оқушы білім алады. Қатты отын қоры жеткілікті, 200 тонна бар.

Басқарма басшысы тек орта білім беретін мектептерді емес, Қазығұрт Дарын мектеп-интернатына да кірді. 2012 жылдан бері қызмет ететін білім ошағында 310 бала білім алады. Жылу жүйесі газбен жылытылады. Спорт залы бір қалыпты болғанымен, бірде-бір күрделі жөндеуден өтпеген. Асханасының жағдайы жақсы. 32 бала бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *