Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Қалмұхамедұлымен бірге Күрес түрлерінен Федерациясы (Шымкент филиалы) президенті Марат Сапарбаевпен Монглолияда өткен Азия Чемпионатының жеңімпаздардын құттықтап, Федерация тарапынан бағалы сыйлық берілді.

Қазіргі таңда күрес спорт түрлері үлкен дәрежеде дамып келеді, спортшыларымыз өз жетістіктерін көрсетіп, біздің Қазақстанның туын биікке көтеріп спорттың дамуына үлкен үлестерін қосып тұр. Ұланбатырда (Моңғолия) өткен күрес түрлерінен Азия чемпионатында ел қоржынына екі алтын жүлде түсті.
Бірінші күнінде аса ауыр 130 келі салмақта Әлімхан Сыздықов алтын жүлдеге қол жеткізсе, грек-рим күресінен 67 келіде белдескен жерлесіміз Мейіржан Шермаханбет жеңімпаз атанды. Спортшыларымызды құттықтай отырып, Олимпиада Ойындарының жүлдегерлері атануға тілектеспін-деді Б.Қалмұхамедұлы.

Құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.