Бүгін, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Ордабасы аудандық прокуратурасының бастамасымен аудандағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мекемеаралық мәжіліс отырысы өтті.
Жиналыста аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, шеленістердің ушығуына жол бермеу, жанжалдардың туындау тәуекелдерін күні бұрын анықтау, себептері мен салдарын жою мақсатындағы жұмыстары, ауданның құзырлы және құқық қорғау органдарымен атқарылатын іс-шараларының тиімділігі туралы баяндалып, аудандағы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің 2021-2022 жылдағы атқарылған жұмыстарының заңдылығы талқыланды.