Біріншіден, сатып алынатын баспананы таңдау керек. Осы орайда тұрғын үйдің шекті құны белгіленеді. Бастапқы кезеңде тек жаңа тұрғын үйді сатып алу өтінімдері қарастырылады. Екіншіден, адамдар тиісті өтініммен және құжаттармен банкке келуі тиіс. Үшіншіден, баспана алуға ниетті адамда несиеге қызмет көрсету үшін қажетті табыстылық деңгейі болуы керек. Төртіншіден, тұрғын үй алатын адамның меншігінде баспанасы болмауы тиіс. Яғни, жаңа бағдарламаға баспанасы жоқ азаматтар ғана қатыса алады. Бірақ әрбір адамның төлем қабілеттілігіне баса назар аударылады. 7-20-25» бағдарламасын іске асыратын компанияның атауы —  «Баспана». Банктер жаңа бағдарламаны іске асыруға дайын. Тәртіп бойынша екінші деңгейлі банктер халыққа ипотекалық заемдарды береді. Ал арнайы ипотекалық компания ол несиелерді сатып алады. Сөйтіп, жылдық үстемеақы 7 процентке түседі. Барлық заемдар теңгемен беріледі. Сосын бастапқыда арзан ипотека тек жаңа үйлерге ғана таралады Бағдарлама 7 проценттік мөлшерлемеден, 20 проценттен аспайтын бастапқы жарнадан және 25 жылға дейінгі несие мерзімінен құралған. Бұнда негізгі қағида — мөлшерлеменің көбейтілмеуі, яғни қарызды беруде, қызмет көрсетуде ешқандай комиссия алынбайды. Басты талап — ресми кіріс көзінің болуы, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметінің расталуы. Ол үшін салық органдарының немесе БЖЗҚ анықтамасын әкелуге болады. Яғни, бұл бағдарлама мемлекеттік қызметкерлерге де, кәсіпкерлерге де арналған.  Еліміздің кез келген өңірінде бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу үшін мынадай құн шегінде ипотекалық тұрғын үй қарызын алу мүмкіндігі қаралады:
Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *