Ашық сабақ

2022-2023 жылғы қыркүйек –желтоқсан айларына бекітілген жоспары бойынша Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылы, А. Тоқмағанбетов атындағы №135 орта мектеп және Іңкәрдария ауылындағы №191 орта мектеп оқушыларына «Өрт — тілсіз жау» тақырыбында  3 а, 3 б сыныптарында  оқушыларға тәрбие сағатын өткізді.  Өрттің шығу себептері: электр жабдықтарының ақауынан, балалардың ашық отпен ойнауынан, адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырт қарауынан, мас күйінде темекі шегіп, ұйықтап қалуынан, тұрмыста болсын, қызметте не сауда орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан туындайды. Көрнекіліктер ілініп, отпен ойнауға болмайтыны балаларға түсіндірілді. Сабақта балалар жұмбақтар шешіп, ойындар ойнады. «Отпен ойнама, балақай!» мультфильмін тамашалап, тұрмыстағы қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсінгендерін айтты, Сондай-ақ өртті болдырмау жөнінде шағын қойылымдарда кейіпкерлердің рөлдерін сомдады.

Арыс ауданы ТЖБ

 

Жылу беру маусымына байланысты үгіт-насихат шаралары

Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Қазалы ауданы, Басқара ауылдық округінің  тұрғындарына  профилактикалық іс-шараны жүргізді.
Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты — пешпен және электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды түсіндіру.

Арыс ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Қысқы кезеңге дайындық

Жақында Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» ЖШС Түркістан облыстық филиалына қарасты пунктте қысқы кезеңге жол техникаларының дайындығын және тайғаққа қарсы материалдар қорымен танысты.

Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Су айдыны маңында сақ бол!

Су айдыны маңындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар қала аумағында тұрғындар көп шоғырланатын ірі сауда орындары мен Сырдария өзеніне рейд жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар балық аулау кезіндегі қарапайым қауіпсіздікті сақтауға шақыратын арнайы үнпарақтарды таратты.

Жедел құтқару жасағы

 

Өрттің алдын алу бағытындағы үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау органының қызметкерлері жылу беру маусымында өрттің алдын алу және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кент тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелері мен балаларды қараусыз қалдырмау, электр қондырғылары жүйелерін өрт қауіпсіздігі ережесіне сай пайдалану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге арнайы дайындалған тақырыптық үнпарақтарды таратты.

Сарыағаш ауданы ТЖБ

 

«Ягодка» саяжайындағы өрттің алдын алу бағытындағы үгіт-насихат жұмысы

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 2022-2023 жж. жылу беру маусымының қарсаңында Қызылорда қаласындағы «Ягодка» саяжайының тұрғындарына тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүрізді.
Іс-шара барысында тұрғын үйлердің мұржаларын тазарту және көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктерді орнату жұмыстарын атқарды.
Аталмыш іс-шараның маңызы мен мақсаты жөнінде Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов «ҚоғамТВ» телеарнасының тілшілеріне сұхбат берді.

Түркістан облысы ТЖД

 

Қазғұрт ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Аудандық жастар ресурстық орталығымен бірге
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ—МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ тақырыбында кездесу өткізді.

🏢Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11- сынып оқушыларын келешекте қандай мамандық иесі боламын деген сұрақ мазалайтыны анық.
Мамандық таңдау кезеңінде тұрған шәкірттерге бағыт-бағдар берудің маңызы өте зор. Жыл сайын мектеп бітіруші түлектерге кәсіби кеңес беру мақсатында еліміздегі жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушыларымен кездесу өтеді. Басты мақсат – талапкерге жоғары оқу орнын және болашақ мамандығын таңдауға көмектесу.
🌀Осы мақсатта №249 мектеп — лицейде кәсіби бағдар беру бойынша сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.
🔰Кездесу барысында:
✅ Қазіргі уақыттағы таңдаулы мамандықтардың түрлері;
✅Негізгі мектеп бітірушілерге кәсіби бағдар беру, оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу;
✅Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алдағы уақытта мамандықты  дұрыс таңдай білуге, таңдаған мамандығының өз білімділігі мен қабілетіне сәйкес келуіне бағыт-бағдар беру;
✅Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын, болашаққа деген құлшыныстарын арттыру мақсатында кеңес айтылды.
♻️Мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-да жақсы көрсеткішке жетіп, қалаған мамандықтарына оқуға түсулеріне тілектеспіз.

Қазғұрт ауданы ТЖБ және Қазалы аудандық жастар ресурстық орталығы

 

Өрт сөндірушілер

Өрт сөндірушілердің жұмысы әр түрлі жағдайларда жүзеге асырылады. Оған қоса жоғары температура, түтін, жанатын заттардың уыттылығы болуы мүмкін. Сондықтан кадрлар теориялық-практикалық білікті, кез-келген жағдайға дайын болуы тиіс.
Бүгінде әдеттегідей Қызылорда қаласында орналасқан №5 өрт сөндіру бөлімінің базасында өрт сөндірушілердің от жолағынан өтуі бойынша психологиялық дайындығын шыңдау мақсатында жаттығу өткізілді. Аталған жаттығуға аудандық өрт сөндіру бөлімінің басшылары мен офицерлік құрамы қатысты.
Жаттығудың негізгі мақсаты — жеке құрамның техникалық сипаттағы төтенше жағдайларға дайын болуы үшін кәсіби шеберлігі мен жауынгерлік дайындығын арттыру болып табылады. Төтенше жағдай немесе өрт кезінде өрт сөндіруші қорықса немесе абдыраса, онда оның физикалық дағдысының пайдасы болмауы мүмкін. Ал өткізілген жаттығу қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындық дәрежесін одан әрі шыңдауға көмектеседі. Сабақ барысында азаматтық қорғау қызметкерлері қауіпті өрт жолағында жұмыс жасауды меңгере түсті.
Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Н. Исанов жаттығу соңында қызметкерлердің тапсырмаларды орындау деңгейіне баға беріп, алдағы уақытта да жаттығулар қатары жалғасатынын атап өтті.

Түркістан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»

 

«ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы»

2022 жылғы 20 қарашаға жоспарланған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге дайындық шеңберінде Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері сайлау учаскелерінің өрт қауіпсіздігін тексеру, сайлау өткізу кезеңінде кезекшілікті ұйымдастыру, сондай-ақ халық арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрт туындаған жағдайда дұрыс іс-қимыл жасау бойынша үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сарыағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Өрт қауіпсіздігін сақтаңыздар

Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Сырдария ауданындағы Айдарлы, Аманкелді, Бесарық және Шіркейлі ауылдарындағы жеке тұрғын үй секторларында жылу беру маусымында өрт және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жеке тұрғын үй иелеріне өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарын түсіндірді. Балаларды жалғыз қалдырмау, электр-тоқ жүйелеріне сақ болу туралы үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Үнпарақтарды таратты.

Абай ауданы ТЖБ

Соблюдайте пожарную безопасность

Сотрудники Отдела по чрезвычайным ситуациям Сырдарьинского района и Пожарной части №12 в целях предупреждения пожаров и других чрезвычайных ситуаций в отопительный сезон в частном жилом секторе в селах Айдарлы, Аманкельды, Бесарык и Ширкейли Сырдарьинского района разъяснили собственникам частных жилых домов требования правил пожарной безопасности. Проводили агитационно-разъяснительную работу о том, чтобы не оставлять детей одних, быть осторожными с электросетями. Раздали листовки.
ОЧС Абайского района

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.