Шымкент қаласының «2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына» сәйкес, мегаполистің ішкі орам көшелеріне кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, шағынаудандар мен тұрғын алаптар инфрақұрылыммен қамтылып, жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда.
Қазіргі таңда Асар-2 шағынауданы аумағындағы Күншоғыр көшесі орташа жөндеуден өтіп жатыр. Аталған шағынауданның 4 көшесіне 2 қабат асфальт төселеді. Көшелердің жалпы ұзындығы — 1,2 шақырым, ені — 5 метр, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың ені – 1,5 метр.Сонымен бірге, Сайрам тұрғын алабындағы Сыдыхан ата, Мүслім төбе, Тектұрмас, Тиллаходжаев көшелерінде асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары аяқталды. Асар-2 шағын ауданындағы №1,2 көшелері орташа жөндеуден өтіп, бүгінде ел игілігіне пайдалануға берілді. Өтеміс шағын ауданы аумағындағы Д.Қонааев және Өжен көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Достық тұрғын алабындағы Ынтымақ көшесі, Омарташы көшесінің жалғасы, тұйығы және Абдиров көшелерінің жолдары жөнделді. Ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын Ақжайық шағын ауданының аумағындағы Қамбар батыр көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Қайнар бұлақ тұрғын алабының Русские березки көшесінің жол құрылыс жұмыстары аяқталды, ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 155 шақырым болатын 190 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды. Ал, қалған көшелерді 2022 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 236,3 шақырымды құрайтын 297 көшеге жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ, жолдардың орташа деңгейі 2022 жылы 67,4 пайызды құрады. Ал 2023 жылы 71,2 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.