АРЫС АУДАНЫ Төтенше жағдайлар
кызметкерлері және 7 ӨСБ мамандары тұрғын үйлерді
аралауды жалгастыруда. Бұл шаралар жылыту
маусымында өрттердің және көмірқышқыл
газынан уланудың алдын алуға бағытталған.
Акция барысында брифингтер өткізіліп, халықтын әлеуметтік осал топтарымен кездесіп үгіт насихат жүргізілді.
Тағы бір рет еске саламыз:
пештер белгіленген нормалармен жанғыш конструкциялардан өртке
қарсы кесінділер (шегінулер) болуы керек, сондай-ақ күйіп кетпейтін және зақымдалмаған , өлшемі кемінде 0,5 х 0,7 метр пештің шоқ түсетін жерінде темір,қаңылтыр қағылу қажет.
Үш айда бір рет, сондай-ақ жылыту маусымы басталарға дейін мұржалар мен пештерді
күйеден тазарту қажет.
Түтін мұржалары қызыл кірпіштен жасалған, ұшқын сөндіргіштермен жабдықталған болуы керек. Шатырларда үй арналары өтетін барлық үй құбырлары мен қабырғалары әктелуі керек.
Кұрметті қала, аудан тұрғындары, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаныздар өздерінізді, жақындарынызды жане мүліктерінізді сақтаныздар.