Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтіп жүр. Шымкент қалалық ҚХА жанындағы құрылымдар, этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Достық үйінің» алдына киіз үй тігіліп, салтанатты жиын ұйымдастырылды.
«Армысың, әз-Наурыз!» атты салтанатты шараға Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 17 этномәдени бірлестіктің төрағалары мен өкілдері, 7 қоғамдық құрылым — Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Журналистер мен блогерлер клубы, «Ассамблея жастары» ұйымы, Медиация кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ, Кәсіпкерлер ұйымының мүшелері атсалысты.
— Наурыз мейрамы — өткенді саралап, бүгінді бағамдайтын және Күн мен Түн теңеліп, айнала жаңаратын игі мереке. Наурыз — ынтымақ пен бірліктің, достықтың мерекесі. Еліміздің ынтымағын нығайтып, татулығын сақтауда еңбек етіп жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдерін Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтаймын, — деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы М.Шотанов.Ия, сондай қаһарман қазақтар қатарында Әлибеков Құрманбектің бары сөзсіз. Оның «Орден Отечественной войны II степени», «За отвагу» медалі соның дәлелдері. Құрманбектің осы ерлігі батыр атағына әбден лайық екенін де мойындағанымыз жөн шығар. Әттең, сол кездің ұлтшыл саясаты Құрманбектей талай ердің атағын шығаруға онша ықылас білдірмегені белгілі ғой! Құрманбек туралы мәліметтерді сұрау салып, жан-жаққа хаттар жіберіп, батырға іздеу салған туған қарындасы Дәмелі мен інісі Әлибеков Қуаныштың да еңбегін атап айту керек. Мұнан басқа танымал ақын Әбілда Аймақ «Бабалар жолы» кітабында Құрманбек Әлибеков туралы Дәмелі қарындасымен сұқбаттасып естеліктер жазыпты:
Жиылған қауым «Достық үйі» және «Бірлік үйі» атауымен тігілген қос киіз үйге бас сұғып, онда этномәдени бірлестік өкілдері жайған дастарханнан дәм алды. Сондай-ақ, «Наурыз кәдесі» үлестіріліп, ұлттық ойындар ойнатылды.