Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтіп жүр. Шымкент қалалық ҚХА жанындағы құрылымдар, этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Достық үйінің» алдына киіз үй тігіліп, салтанатты жиын ұйымдастырылды.

803

 

«Армысың, әз-Наурыз!» атты салтанатты шараға Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 17 этномәдени бірлестіктің төрағалары мен өкілдері, 7 қоғамдық құрылым — Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Журналистер мен блогерлер клубы, «Ассамблея жастары» ұйымы, Медиация кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ, Кәсіпкерлер ұйымының мүшелері атсалысты.
— Наурыз мейрамы — өткенді саралап, бүгінді бағамдайтын және Күн мен Түн теңеліп, айнала жаңаратын игі мереке. Наурыз — ынтымақ пен бірліктің, достықтың мерекесі. Еліміздің ынтымағын нығайтып, татулығын сақтауда еңбек етіп жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдерін Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтаймын, — деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы М.Шотанов.– Әл-Фараби орталық аудан болғандықтан инженерлік-инфрақұрылым жүйелерімен қамтылған. Шымкент қаласы тұрғындарға барлық жағынан қолайлы болуы тиіс. «Қауіпсіз қала» дегенді айтып жүрміз. Ендігі ретте ауданда учаскелік инспекторлардың жұмысын жандандыру қажет. Атқарылған жұмыс та бар, кемшіліктер де аз емес. Мәселелер басымдығына қарай, кезең-кезеңімен шешіледі. Жалпы, қаламызды дамыту, өркендету жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, – деді қала әкімі.
Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев аудандағы барлық салада жүзеге асқан жұмыстарды баяндап, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Сондай-ақ, аудан тұрғындары жылумен қамту, жол белгілерін орнату, тұрғын үйлерді жаңғырту, балалар ойын алаңшасы, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мәселелері бойынша сауалдарын қойды.
Кездесу соңында Мұрат Дүйсенбекұлы әр тұрғынның мәселесін тыңдап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиылған қауым «Достық үйі» және «Бірлік үйі» атауымен тігілген қос киіз үйге бас сұғып, онда этномәдени бірлестік өкілдері жайған дастарханнан дәм алды. Сондай-ақ, «Наурыз кәдесі» үлестіріліп, ұлттық ойындар ойнатылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.