Шымкент: екпеден бас тартқан ата аналарға екпенің маңыздылығы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0

Балалардың уақытында екпе алуының маңызы зор. Бүгін осы мәселе бойынша емханаға қарасты екпеден бас тартқан ата-аналармен түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Аула аралау барысында Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Тилеубергенова Улбала Ергалиевна екпенің маңыздылығына тоқталды. Бұдан бөлек аула аралауға, емхананың бөлім меңгерушілері,эпидемиолог ,

иммунолог дәрігерлер, психолог мамандар,әлеуметтік қызметкерлер,бас мейіргер,аға мейіргер қатысты.

Алдын алу және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің мамандары,

иммунолог, эпидемиолог, инфекционист дәрігерлер вакцинаның денсаулыққа тиімділігі, ағзаға әсері, әсіресе балаларда кездесетін жұқпалы аурулардың алдын алудағы ерекшеліктерін бүге-шігесіне дейін түсіндіріп берді.

Атап өтейік,  қызылша — жыл сайын таралатын ауру. Дегенмен биыл  елімізде қызылшамен сырқаттанған балалар саны артып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *