Көркем гимнастикадан Қаратау ауданы әкімінің кубогі өткізілді

0

▫️«Қала күні» мерекесі аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан аумағындағы №9 көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Қаратау ауданы әкімінің дәстүрлі кубогі өткізілді.

▫️Аудан әкімі кубогіне 3 рет өткізіліп отырған турнирге 8-14 жас аралығындағы 100-ден астам жас спортшылар қатысты. 

▫️Негізгі идея — спорттың барлық қырларын көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану.

▫️ «Көркем гимнастика – спорттың ең сұлу түрі. Сондықтан да болар, соңғы кезде спорттың осы түріне деген қызығушылық та артып отыр. Гимнастика әдемі спорт түрі болғанымен, күн сайын үздіксіз еңбектенуді қажет етеді. Себебі бүгінгі еңбек нәтижесі – ертең ел намысын қорғайтын «Чемпионды» даярлайды. Осы орайда, бүгінгі турнирде сынға түсіп отырған барша аруларымызға сәттілік тілеймін!» — деді, аудан басшысы Рақымберді Жанысбекұлы.

▫️Дәстүрлі турнир барысында жас спортшыларды қолдауға аудан басшысымен бірге қалалық мәслихат депутаты Молдабек Асқар Ағабекұлы да қатысып, әсем спорт түрімен шұғылданатын барша аруларға сәттілік тіледі.

▫️Турнир ережеге сәйкес жекелей және топтық бағытта өткізілді. 

▫️Нәтижесінде  топтық сайыстар бойынша  жалпы 11 алтын, 12 күміс медаль иегерлері анықталды. 

▫️Ал, жекелей сайыста 7 алтын,  7 күміс, 46 қола медаль иегерлері анықталып, аудан әкімінің арнайы Кубогімен, дипломымен және мерекелік сыйлықтарымен марапатталды. 

▫️Сондай-ақ, турнирге қатысушы барлық спортшыларға естелік сыйлықтар табысталды.

▫️Турнирдің қорытындысында аудан басшысы Рақымберді Жанысбекұлы барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды,  бапкерлер мен ұйымдастырушылар алқасын құттықтады.

АҚПАРАТ: Қаратау ауданы әкімі аппараты баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *