Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы шағын құрамда өтіп жатыр.

«ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларына бүгінгі отырыс жұмысына қатысқаны үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Еуразияның ұланғайыр кеңістігінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі негізгі құрылымға айналды. Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында ҰҚШҰ барлық қатысушы ел үшін қауіпсіздіктің кепілі ретінде өзінің сұраныста екенін үнемі көрсетіп келеді. Біздің келісілген іс-әрекеттеріміз, өзара сеніміміз және қолдауымыз ең күрделі және ауқымды міндеттерді шешудің ұжымдық қабілетін нығайтады. ҰҚШҰ – бұл жай ғана әскери серіктестік емес, біздің мемлекеттеріміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін күш-жігеріміз бен ресурстарымызды біріктіретін бірегей механизм екенін атап өту маңызды», — деді отырысты ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент Қазақстан ҰҚШҰ төрағасы ретінде өз күш-жігерін қатысушы елдердің тығыз өзара іс-қимылын нығайтуға, дағдарысты жағдайларға жедел ден қою тетіктерінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ терроризмді, кибершабуылдарды, трансұлттық қылмысты және есірткінің заңсыз айналымын қоса алғанда, қазіргі заманғы қауіп-қатерлермен күресте ұйымның мүмкіндіктерін дамытуға жұмылдырғанын баса айтты.

«Жоспарлы тәртіппен ҰҚШҰ-ның жарғылық органдарының отырыстары, әскери оқу-жаттығулары және профилактикалық операциялары өткізілді. Ұжымдық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін Сыртқы істер және Қорғаныс министрлері жан-жақты пысықтады. Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары мен Парламент басшылары деңгейінде кездесулер өтті. Ұйымның көмекші және жұмыс органдарының кеңестері өткізілді. ҰҚШҰ қызметінің түрлі бағыты бойынша бірқатар консультация өтті. Сессияаралық кезеңде бірқатар маңызды құжат қабылданды. Олар халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс саласындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздіктің өзекті сын-қатерлері мен қауіптеріне қарсы іс-қимыл мәселелерін қамтиды», — деді Мемлекет басшысы.

Осыған дейін Астанада ҰҚШҰ жарғылық органдарының бірлескен отырысы өткенін хабарладық.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *