Қала прокуратурасының үйлестіруімен Шымкент қаласының ПД қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген есірткі дүкені мен есірткі зертханасының ұйымдастырушысы «Б» есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қалада есірткі зертханасын құрғанын, сондай-ақ «Telegram» әлеуметтік желісіндегі «DDD_Shym» интернет-дүкені арқылы тыйым салынған заттарды сатқанын анықтады.

Күдікті УҰИ-ға қамалып, ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізуді қылмыстық топ жасаған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. 

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *