Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді шығару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

Келісім 2023 жылғы 31 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойылып, Еуразиялық экономикалық одақ аясында ауыл шаруашылығы және өзара сауда саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған қойма куәліктерін пайдалануға бағытталған.

«Құжат қойма куәліктерін беру, айналымға шығару және ЕАЭО шеңберінде оларды өтелуін реттейді, оларға қойылатын талаптарды айқындайды. Келісімге бойынша қойма куәліктері шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері мүше елдердің ұлттық заңнамасына сәйкес анықталады. Одан бөлек, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қатысушы елдің қойма куәліктері туралы мәліметтерді бірыңғай интернет-ресурс арқылы алуға мүмкіндік беретін жүйені қамтамасыз етуге міндеттенеді», — деді сенатор Закиржан Кузиев.

Қоймалардың куәліктер бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасында Келісімді жүзеге асыру:

— қойма куәліктерінің тұрақты айналымын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың иелеріне қаржылық ресурстарға қол жеткізуін арттыруға;
— ауыл шаруашылығы тауарларының электронды саудасын дамытуға;
— Қазақстанның қойма куәліктерін Еуразиялық экономикалық одақ нарығында ілгерілетуге, қойма куәліктері кепілімен несие алу мүмкіндігін жасауға және нарықтың қолайлы жағдайында тауарды сату арқылы елдің аграрлық секторының табысын арттыруға ықпал етеді.

«Айта кету қажет, бұл Келісімнің негізіне Қазақстандағы астық қолхаттарының айналымын заңнамалық реттеу тәжірибесі қаланды. Жалпы, Келісімді іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды», — деді депутат.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Парламент Мәжілісі «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға Сенат енгізген түзетулермен келісті.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *