Былтырғы жылыту маусымы кезінде Атырау облысында 74 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан күйік шалып, түрлі жарақат алған 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ал 2023 жылы бас-аяғы 66 өрт болған. Бұл 2024 жылы деректердің едәуір артқанын көрсетеді. Ал биылғы жыл басынан бері 74 өрт болған. 

ТЖД өкілдері жүргізген талдау өрттің дені желтоқсан, қаңтар айларында жиі болатынын көрсеткен. Себебі күн салқындағанда тұрғындар электр пештерін жиі қолданып, техникалық пайдалану қағидаларын бұзатын көрінеді. Жылыту қазандықтарын дер кезінде тексерістен өткізбегендіктен газбен улану жағдайы да жиі болады екен. 

Азаматтардың жеке мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт кезінде адам қазасын және жарақаттануын болдырмау, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын күшейту мақсатында Департаменттің жеке құрамымен және «ҚазақГаз Аймақ», Полиция қызметкерлерімен, еріктілермен, Жастар ресурстары орталығы өкілдерімен тұрғын үйлерді аралау жүргізіліп, 36 302 үй қамтылып, 52 844 адамдарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді,-дейді Облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бағдат Абдуллин. 

Сонымен қатар құтқарушылар осал топқа жататын отбасыларға 123 түтін датчигін қондырған. Ондай көмекті 1596 адам алыпты. 2018 жылдан аймақта мұндай 1161 датчик орнатылған көрінеді. Халықты үнемі оқыс жағдайға дайындау үшін жауапты департаменттегілер үнемі рейдтік шара ұйымдастырады. Брифингтерге шығып, маңызды ақпаратпен бөліседі. Мәселен биылғы ақпанда өрт қауіпсіздігі күндері өткізіліп, мамандар білім ордаларына барған. Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріпті. Мұндай жұмыс мектепке дейінгі ұйымдарда да жүргізілді. 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *