Шымкенттік боксшы әлем чемпионы атанды

0

Армения елінің Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында Әлем біріншілігі өтті. Байрақты бәсекеде шымкенттік спортшы Нұрасыл Төлебек алтын медальға қол жеткізді.

Жерлесіміз 52 келі салмақта бақ сынап, тұғыры биік жеңіс жолында 4 қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Әлем чемпионы атанған Нұрасыл Төлебек — Шымкент қаласы Бокс клубының шәкірті, Думан Байтелиев жаттықтырады.

Айта кетейік, 58 мемлекеттен 357 былғары қолғап шебері қатысқан дүбірлі додада Шымкент қаласынан 3 спортшы ел намысын қорғады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *