Шымқалаға «шахмат керуені» келе жатыр

0

Шымкент, 9 қазан

10 қыркүйекте жолға шыққалы бері Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Қарағанды, Семейден бастап, 10 қалаға сапарлап үлгерген «Шахмат керуені» 9 қазан күні Шымкентке келіп тоқтайды.

Керуеннің келуіне орай сағат 10:00-де SHYMKENT PLAZA-ға қарама-қарсы орыс драма театры жанында салтанатты шара өтеді.

Freedom Broker бас серіктесінің қолдауымен жүзеге асып жатқан республикалық жобаның мақсаты – өңірлерде шахмат спортын кеңінен насихаттау. Керуен идеясы саудамен қатар, халықтардың мәдени және спорттық мұрасын әлемге танытқан Ұлы Жібек жолына негізделген.

Екі ай ішінде еліміздің 18 аймағын аралап жүріп, турнир өткізіп шығатын автокеруен қарашаның ортасында Түркістанға барып табан тірейді.

Салтанатты шара аясында Қазақстан шахмат федерациясының Шымкент қаласындағы филиалы ашылады. Ал арнайы тігілген мобильді киіз үйде гроссмейстермен бір мезеттік ойын сеансы мен «Шахмат керуенінің» жартылай финалы ұйымдастырылады.

Облыстық кезеңде оза шапқан I, II және III орын жеңімпаздарына 100 000, 50 000, 30 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Және олар қараша айында Түркістанда өтетін гранд-финалға жолдама алады. Бас финалдың жүлде қоры – 5 000 000 теңге.

Одан бөлек, әр жартылай финалдың 3 қатысушысы «Әйелдер арасындағы үздік нәтиже», «50 жастан жоғары үздік қатысушы» және «16 жасқа дейінгі үздік ойыншы» аталымдары бойынша марапатталып, ақшалай сертификаттарға ие болады.

Шымкент қаласы бойынша ақпараттық байланыс

Асхат Шотаев

+7 777 182 8588

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *