АӘК-тің басты мақсаты еңбекке ынталандыру және еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту арқылы табысы аз отбасыларды кедейлік жағдайынан шығару болып табылады.
«Осы жылы еңбекке қабілетті 12,9 мың АӘК алушының 7,7 мыңы жұмыс істейді, 5,1 мыңы күтіммен айналысады, 56 адам жұмыссыз есебінде тіркелген. Ол отбасыларға мемлекет тарапынан ай сайынғы атаулы әлеуметтіа көмек көрсетіліп келеді. Дегенмен биылғы жылы әлеуметтік осал топтағы азаматтардың қатары азайған. Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Утебаева айтты.
— 2025 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша АӘК 5,4 млрд теңге сомасына 8,8 мың отбасындағы 45,9мың адамға тағайындалды. Қосымша төлем АӘК алушылар арасынан 16,3 мың мектепке дейінгі жастағы балаларға 625,3 млн теңге сомасына тағайындалды. Аудандар бөлінісінде АӘК алушылардың көбіАбай ауданында – 31%, Аль-Фараби ауданында – 20%, Қаратау ауданы – 18,5%, Туран ауданы – 17және Енбекші ауданында– 13% байқалады. Әлеуметтік мәртебелер бөлінісінде АӘК алушылар арасында көбі балалар – 31 мың адам немесе 67,5%. Сондай-ақ алушылар қатарында өтініш берген сәтте жұмысы бар адамдар – 16,8%, балаларға, мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға күтім жасайтын адамдар – 11,1%, студенттер – 2,6%, жұмыссыздар – 0,12% және басқа санаттағы адамдар – 0,9 пайызды құрайды,-дейді Жанат Утебаева.
2025 жылғы енгізілген өзгерістердің қатарында Әлеуметтік жағынан осал топтағы тұрғындарға газ төлеміне жеңілдік беріледі деген мағұлматта бар.
Нақты айтқанда атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар газ төлемдеріне 20% жеңілдік ала алады. Сондай-ақ, 2025 жылы материалдық жағдайды зерттеу негізінде отбасылардың АӘК көрсетуге мұқтаждығы туралы қорытындылар шығаратын учаскелік комиссиялардың қызметін цифрландыру жүзеге асырылмақ. Бұл комиссиялар үшін FSM Social мобильді қосымшасы жасалған. Оның артықшылығы: геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орны); жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңайлату; зерттеу жүргізу және шешім шығару кезінде формальды тәсілді алып тастау болып табылады. Сондай-ақ, АӘК тағайындау кезінде азаматтардың банктық есеп шоттарындаеы шығыс түрлерін ескеру ұсынылмақ. Айналымда жүрген сумма көлемі білгіленгпн шектен асқан жағдайда комиссия отырсы қайта қарайды. Бұл мемлекеттен негізсіз қаржы алатын азаматтардың жолын кеседі дейді мамандар.