Шымкенттің көшелерінде ерекше рейд өтті. Патрульдік полицейлер толығымен заңға бағынған автокөлік тізгіндеушілерді анықтады.
Жол жүру қағидаларын ешқашан бұзбаған жүргізушілерді тәртіп сақшылары қалалық полиция департаменті бастығының Алғыс хаттарымен марапаттады.
Олардың арасында 57 жастағы Шахадат Саитова бар. Қала тұрғыны 20 жылдан астам көлік жүргізіп келеді және осы уақыт ішінде жол қозғалысы ережелерін бірде-бір рет бұзған емес.
Аталған іс-шараларды шымкенттік тәртіп сақшылары қауіпсіз жол қозғалысын насихаттау және көлік жүргізу мәдениетін арттыру мақсатында жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр.