Шіркін, дүние-ай десейші! Адам баласы бұл жалған дүниеге қонақ дегені рас екен-ау!.. Сенейік пе, сенбейік пе? “ Мағауин қайтыс болыпты” дегенді таңда жатып естідім. Кереуетте жатқан күйі көз жасым көкірегімді шая берді…
Сосын жекеме Едіге ағам жақын қарындасым деген шығар хабар айтты…
Өткен жазда шаңырағында болып қонақ асын жеп, сұқбатасайын деп өтіндім. Көкем мен туралы сайтымда бар бәрі біледі деді.. Қорқып тұрсам да, “Көке дауысыңызды бір жазып алайын”- деп соңғы үмітпен тағы қарадым… Жарықтықтың жүзі былайғы жұртқа суық болғанымен, жаны жібектей жұмсақ еді. Көкемнің жарқын күлкісі мен айбатты сөздері әлі көз алдымда. Опасыз дүние деген осы болар?.. Кеше елдің қақ төрінде жайқалып жүрген кімсің-Мағауин кейінгі кезде көп қиналды да ғой!.. Бірақ бақытты еді! Өмір ғой!.. Алдынан жарылқасын! Мұқтар көкемнің еңбегін бір ғана журналистикаға, бір ғана редакторлыққа, бір ғана жазушылыққа, тіптібір ғана әдебиетке байланыстырып айту жеткіліксіз. Оның тұла бойы, тұтас болмысы қазаққа қызмет етті. Енді оны толықтай зерделеу де мүмкін емес шығар.Сондай бір қасиетті тұлға, дәуірлерді жалғаған жампоз өтті мына жалғаннан! Бұдан былай менің ғана емес, тұтас қазақ жұртының бір бүйірі үнемі олқы соғатындай…
Жайланып еркін әңгімелесіп алған соң, шәй үстінде елге қайтсаңызшы деп қиылғанымды айтайын! “Жоқ, АҚШ деген кәрі құрлықта, еркіндігі бар елде, сөз бостандығы мен құндылығы бар жерде боламын”- деп кесіп айтты жарықтық!…
Қазақ әдебиетінің қасиетті кеңістігінде Мағауиннің өз биігі бар! Сол биіктен ол бізге аңыздың ақырындай болып ақиқаттанып барады! Әрине қазақ барда Мұхтар туар, бірақ олар МҰХТАР МАҒАУИН болмайды. Қош, аңыздың ақырғы тұяғы! Енді көкемдей тұлға қазақ руханиятына әне-міне кеп қалардай елеңдейтін боламыз! Бақұл болыңыз дүниеден дүркіреп өткен Мұхтар көкем!
Едіге аға, Алтын,
Бақытжамал апайым.
Көкемнің Аллам алдынан жарылқасын. Бұл қайғы тек Сіздердің әулеттің емес, бүкіл қазақтың оның ішінде соңғы рет елден барып әңгімелескен ӘКЕМ деп кеткен маған да ауыр…
Бар жүрегіммен қастарыңыздан осы сәт табылғым келіп тұр…
Мен бар ниетіммен Сіздермен біргемін. Жаны жұма күні үзілгенінің өзі жаннаттық деп тұр….