ANTIKOR.LIVE: МЕГАПОЛИСТЕГІ «СҚ-ФАРМАЦИЯ» ЖШС КОРОНОВИРУС ІНДЕТІНІҢ ЫҚТИМАЛ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫН?

Spread the love

Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында отандық медицинаны дамытуға және осы саладағы өзекті мәселелерді шешу жұмыстарына қатысты нақты тапсырмалар берген болатын.
Осы ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған Жұмысшы топ қоғам белсенділерімен бірлесе қаладағы «СҚ-фармация» қоймасына барып, дәрі-дәрмекпен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуін бақылап қайтты.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев бастаған Жұмысшы топты СК-Фармация басшылығы короновирустың екінші ықтимал толқынына дайындығын көрсетіп, ауруханалардың КВИ мен пневмония дертіне шалдыққандарды емдеуге арналған жабдықтармен қаншалықты қамтамасыз етілгендігі таныстырылды.
Қазіргі таңда Жұмысшы топпен 340 дәріханалар мен 37 қоймаларға, 26 медициналық мекемелерге мониторинг жүргізді.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанынан қоғам белсенділерінен Жұмысшы топ құрылып, тұрақты түрде мегаполис дәріханалары мен фармацевтикалық компаниялардың қоймаларына мониторинг жүргізуде.
Денсаулық сақтау мекемелері мен дәріханаларда дәрі-дәрмектердің тапшылығы мен бағасын тым көтермелеуіне байланысты аудио, бейне жазбаларыңыз бен ұсыныс, шағымдарыңызды 8775 306 78 50 WhatsApp нөміріне жолдай аласыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *