Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен дарынды жастар арасында өткен «Жайдарман» ойыны мәресіне жетті.Финалда 3 команда өз өнерін көрсетіп, нәтижесінде «Абырой» командасы жеңімпаз атанды, II орын – «Бәрекелді кірпі» командасы, III орын – «No comments» командасына бұйырды. Ал үздік ойыншы номинациясын «Бәрекелді кірпі» командасының ойыншысы Олжас Уалиханов иеленді.

817

 

Жобаның мақсаты – «Жайдарман» ойындары арқылы жастардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру, оларды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Сонымен қатар салмақты әзілдерді қолдану аясын түсіндіру және өскелең ұрпақты мәдениеттілікке баулу.
Жалпы аталмыш сайыстың маусымашар кезеңіне 33 команда қатысып, финалдық кезеңге 6 команда жолдама алған болатын, олар – «Ақбұлақ», «NO COMMENTS», «Тамыр», «Бәрекелді кірпі», «Абырой», «Төле би» командалары.
Ойыншыларға оң бағасын беріп, өзара мықтыны анықтайтын қазылар алқасының қатарында болған әзілдің сан қырын меңгерген Әбунасыр Серіков, Жастар ресурстық орталығының басшысы
Мағжан Исахов, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Мұрат Жолдықожаев, КВН-нен әлем чемпионы Еркебұлан Мырзабек қатысушыларға сәттілік тіледі.
–Алтын уақыттарын бөліп, жайдарман көруге келген көрермендерге және Жайдарманды алға тартып жүрген Марат Достаевқа алғыс айтамын. Бір жылдан бері қазылық етіп, командалардың ойынына куәмін. Командаларға сәттілік тілеймін,–деді Мұрат
Жолдықожаев.
Финалда 3 команда өз өнерін көрсетіп, нәтижесінде «Абырой» командасы жеңімпаз атанды, II орын – «Бәрекелді кірпі» командасы, III орын – «No comments» командасына бұйырды. Ал үздік ойыншы номинациясын «Бәрекелді кірпі» командасының ойыншысы Олжас Уалиханов иеленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.