Қарымсақова Меруерт Ойдуллаевна – Шымкент қалалық №4 емхананың инфекционист-дәрігері. Тәжірибелі маман бұл медициналық ұйымда еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қызмет етіп келеді. Еңбек өтілі 34 жылды құрайтын дәрігер осы жылдар ішінде көптеген науқасқа көмек көрсетіп, ем-дом жасап келеді.
Оның ішінде ЖРВИ ауруынан бастап созылмалы В, С, D гепатиттерімен ауыратын науқастарды дертінен құлан-таза айықтыру үшін қолынан келгенді аянған емес.
Меруерт Ойдуллаевна коронавирус пандемиясы кезінде өзін аянбай, науқастарға барынша қол ұшын сөзды, шипалы ем жасады. Сол үшін көптеген тұрғын ақ халатты абзал жанға алғысын айтады.– Әл-Фараби орталық аудан болғандықтан инженерлік-инфрақұрылым жүйелерімен қамтылған. Шымкент қаласы тұрғындарға барлық жағынан қолайлы болуы тиіс. «Қауіпсіз қала» дегенді айтып жүрміз. Ендігі ретте ауданда учаскелік инспекторлардың жұмысын жандандыру қажет. Атқарылған жұмыс та бар, кемшіліктер де аз емес. Мәселелер басымдығына қарай, кезең-кезеңімен шешіледі. Жалпы, қаламызды дамыту, өркендету жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, – деді қала әкімі.
Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев аудандағы барлық салада жүзеге асқан жұмыстарды баяндап, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Сондай-ақ, аудан тұрғындары жылумен қамту, жол белгілерін орнату, тұрғын үйлерді жаңғырту, балалар ойын алаңшасы, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мәселелері бойынша сауалдарын қойды.
Кездесу соңында Мұрат Дүйсенбекұлы әр тұрғынның мәселесін тыңдап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Дәрігер, сонымен қатар, карантин кезінде қаладағы жалпы тәжірибелі дәрігерлер арасында тиісті тақырыптарда, коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған семинарлар өткізді, білгенімен бөлісті.
Біз, Шымкент қалалық №4 емхана ұжымы осындай тәжірибелі дәрігерімізді мақтан тұтамыз.